• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Автор:admin

Сен 5, 2024
Spread the love
Сайрам ауданында «Мемлекеттік тіл— Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты іс-шара өтті. Жиын барысында аудандық Қ. Жандарбеков атындағы мәдениет үйіндегі жиында алдымен Тілдерді оқыту және жекеменшік «Лидер», «GES» оқыту орталықтарының көрмесі қойылды. Сондай-ақ «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ-нің тыныс-тіршілігі бейнеленген бейнетаспа көрермен назарына жол тарты.
Қазақстандағы Тілдер мерекесі — елдің мәдени және тілдік әралуандығын ардақтау мен нығайтуға арналған ерекше мейрам. Маңызды мереке жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтіледі.
Мерекелік шараға Сайрам ауданының Құрметті азаматтары мен тіл жанашырлары қатысып, шараға жиналған баршаны айтулы күнмен құттықтады. Жиын соңында тіл саласына елеулі еңбек сіңірген тұлғалар марапатталып, мерекелік бағдарлама тіл мен рух, отаншылдық бағытындағы әсем әндермен жалғасты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика