Кентау қаласы қарнақ ауылы ауылшаруашлыққа бейім мекен. Онда шаруалар бос жатқан жерлерге егін егіп, отандық өнім өндіруге үлестерін қосуда. Сондай-ақ олар бір емес, бірнеше егін түрімен айналысады, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Сондай шаруаның бірі «Эрмет ата» шаруақожалығы.
2006 жылдан бері өз шаруасын қолға алған ауыл тұрғыны, бүгінде жемістің түр-түрін егіп мол өнім жинап отыр. Биылдың өзінде 6 га жерге бау-бақша, 4 га жерге бидай, 5 га жергке жоңышқа, 2 га жерге жүзім, 5 га жерге қарбыз еккен. Барлығы тамшылатып суғару әдісімен өсірілуде.
Өнімдері дайын болған сәттен бірнеше ауыл тұрғындарын уақытша жұмыспен қамтамасыз етеді.
« Жемістердің басым көпшілігі Өзбекстан елінен әкелініп, осында көбейтіп жатырмыз. Шаруашылықпен айналысу оңай емес. Себебі бұлдардың да өз ауыратын сәттері болады. Қажет шараларды жасап, мол өнім алуға еңбектенудеміз» дейді шаруа иесі Әлішер Эрметұлы.
Жиналған өнімдерін Кентау қаласынан бөлек, Түркістан және басқа да аудан-қалаларға тасмалдануда.
Айта кететін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірлеп, бекітті. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында, ең алдымен, «креативті индустриялар» ұғымы еліміздің қолданыстағы заңнамасына енгізіліп, бұл саланы реттеу мен оған мемлекеттік қолдау көрсетудің құқықтық негіздері жасалды.
Стратегиялық бастамалар агенттігінің мәліметі бойынша, креативті экономика әлемдік жалпы ішкі өнімнің 6% — дан сәл астамын құрайды, бұл бүкіл әлем бойынша Ұлттық ЖІӨ-нің орташа есеппен 2-7% құрайды.
Аумақтарда креативті экономиканы дамытудың маңызды себептері: аймақтың инвестициялық және туристік әлеуеті артады, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады, жаңа жұмыс орындары құрылады, аумақтар абаттандырылады, экономиканың басқа секторлары дамиды (қоғамдық тамақтану, сауда, логистика).
Бүгінде креативті экономика өндірістік экономиканың ауқымындай табыс табуға мүмкіндік беруде.