Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы ауылшаруашылыққа бейім мекен. Онда жеміс-жидектің түр-түрі өсіріледі. Сол жеміс-жидектерді тиімді пайдалануды қолға алған көпбалалы Дияра Рустемова «Детокс бар ашу» жобасын жүзеге асырды. Ол мемлекеттен берілетін грант иегері атанып, қажетті құрылғыларды сатып алған, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Отбасылық кәсіпке айналған істен айына балғын шырындардың 3000-4000 данасын шығаруда. Шырындарды табиғи өнімдерден : кептірілген өрік,алма ,каркаде, лимон, жалбыздан жасап өңдеуде. Сусындарды дүкендер мен тапсырыс берушілерге жеткізіп отырады.
«Бұған дейін медицина саласында жұмыс жасап келгенмін. Ауылға келіп балалы болғасын, тыныс-тіршілігіне әбден үйренгесін Астанаға қайтпай осында қалдық. Жұмыстан босап, жұмыссыздыққа итіркелдім. Мемлекеттің қолдауын естіп, өз жобамды ұсынып, қорғап шықтым. Сонығ арқасында кәсібімді сапалы түрдебастап кеттім»- деді ,көпбалалы ана.
Шырын сусындардың ыдыстарын Қытай елінен алдыртуда. Ал, жеміс-жидектердің басым бөлігі өз ауласындағы бақшалардан алады. Болашақта кәсібін ұлғайтып, үлкен цех салуды көздейді. Сонымен қатар, қосымша құрылғылар мен ыдыс жасап шығаратын аппарат алуды жоспарлап отыр.
Айта кететін, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отандық экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген болатын.
Қазақстан Республикасының Үкіметі «Креативті индустрияларды дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын» әзірлеп, бекітті. Осы тұжырымдаманы жүзеге асыру мақсатында, ең алдымен, «креативті индустриялар» ұғымы еліміздің қолданыстағы заңнамасына енгізіліп, бұл саланы реттеу мен оған мемлекеттік қолдау көрсетудің құқықтық негіздері жасалды.
Стратегиялық бастамалар агенттігінің мәліметі бойынша, креативті экономика әлемдік жалпы ішкі өнімнің 6% — дан сәл астамын құрайды, бұл бүкіл әлем бойынша Ұлттық ЖІӨ-нің орташа есеппен 2-7% құрайды.
Аумақтарда креативті экономиканы дамытудың маңызды себептері: аймақтың инвестициялық және туристік әлеуеті артады, халықтың өмір сүру сапасы жақсарады, жаңа жұмыс орындары құрылады, аумақтар абаттандырылады, экономиканың басқа секторлары дамиды (қоғамдық тамақтану, сауда, логистика).
Бүгінде креативті экономика өндірістік экономиканың ауқымындай табыс табуға мүмкіндік беруде.