• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Автор:admin

Май 5, 2024
Spread the love

Кентау қаласы Қарнақ ауылында белсенді ауыл тұрғындарының демеушілігімен салынған ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Игі шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов демеуші болған жандарға алғыс білдіріп, ауыл жастарын және тұрғындарын жаңа ойын нысанының пайдалануға берілуімен құттықтап, лентасын қиды.
Сонымен қатар, белсенді ауыл тұрғындары бұндай жобалардың алдағы уақытта өз жалғасын табатынын тілге тиек етті.
«Мемлекет бізге не береді деп емес, біз елімізге не бере аламыз деген мақсатпен ілгерлейтін уақыт. Біздің мақсатымыз артымызда өсіп келе жатқан жас балалар ыңғайлы, қажетті ойын алаңшаларда ойнап, салауатты өмір салтын ұстанса деген ниеттеміз. Біз бұнымен тоқтамаймыз. Мүмкіндігінше ауылға қажетті ойын алаңшалар салуды жалғастырамыз» дейді ауыл тұрғыны Таукен Шаметов.
Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жанашыр ауыл тұрғындарына ризашылықтарын жеткізді.
Тарихы терең Қарнақ ауылында пайдалануға берілген алаңшасы барлық стандарттарға сай. Жарықшамдар орнатылып, айналасы абаттандырылған. Бір мезгіл тыныстап демалуға арналған жайлы орындықтар қойылған. Мұндай ойын алаңшасы осымен екінші рет ауыл балаларына табысталуда. Ауылдың белсенді тұрғындары жыл соңына дейін төрт алаңша салып беруді жоспарлап отыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика