Мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спорт арқылы зиянды әдеттерден арылу, патриоттыққа тәрибелеу, облыстық жарысқа қатысатын мектеп командасын анықтау мақсатында 2023 жылдың қазан айында бастау алған «Ұлттық мектеп лигасы» өз мәресне жетіп, жарыстар нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған және жүлделі орын алған командаларды марапаттау рәсімі өтті. Он спорт түрінен атап айтсақ, футбол, үстел теннисі, баскетбол, гандбол, волейбол, асық ату, футзал, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ сынға түсіп, үздіктер анықталды. Жалпы командалық есепте № 6 мектебі 1-орынды жеңіп алды, 2-орынды № 5 мектеп командасы иеленсе, 3-орынды № 10 мектеп командасы алды, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.