• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Автор:admin

Июл 2, 2024
Spread the love

Жасөспірімдердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бекітіліп өткізілетін бұқаралық спорттық іс шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес баскетболдан 2010-2011 жылы туылған және 2012-2013 жылы туылған кіші кіші жасөспірімдер арасында Кентау спорт клубының ашық біріншілігі болып өтті, деп хабарлайды Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жарысты өткізудегі мақсат: Жасөспірімдерді жаман жолға түсуінің алдын-алу және салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын арттыру.
Жаһандану қарқынды жүріп жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ел болашағы-жастардың бойында отансүйгіштік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру, адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар елеулі қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі — нашақорлық.
Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Президенттің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып белгіленгені баршамызға белгілі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізуді күшейтуді тапсырды. Елімізде 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялык мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы зандылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың нысаны біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден- аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден- сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады. Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялык табиғатымен, өзін коршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуте, ұйықтар алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы, экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс.
Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және организмнің жүқпаларға қарсылығын жоғарылатады. Шынықтыру емшараларын тандау кезінде адамнын жасы, денсаулығы , шынығуға бейімделу дәрежесі және т.6. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
Денсаулык сақтау шаралары.
Қимыл белсенділігі бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Денсаулықты сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау кажет:
— жеке бас гигиенасын сақтау;
— күн тәртібін орындау;
— денешыныктырумен айналысу;
— дұрыс тамактану,
— ағзаны шыңдау,
— белсенді және көңілді болу.
Салауатты өмір салтын ұстануға деген ынта-ниет спорттан басталады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика