• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Автор:admin

Май 30, 2024
Spread the love

Бүгін Кентау қаласында саналы ғұмырын халықтың ертеңі мен бүгініне арнаған қоғам қайраткері, қаза елін құру жолында аянбай еңбек еткен Сұлтанбек Қожановтың 130 жылдығы аталып өтті. Жиын барысы ұлтын ұлықтаған ұлының ескерткішінде еске алу шарасынан басталып, алаш арысының рухына тағзым етілді.
Қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында «Сұлтанбек Қожанов және ұлттық мемлекет құру идеясы: тарихы мен бүгінгі тәжірибелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, Сұлтанбектанушы Хазретәлі Тұрсұн жүргізіп отырды.
Ғылыми конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мұрағаттары мен мұражайларының қызметкерлері, докторанттар мен жалпы білім беру мекемелерінің басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияны Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашып, құттықтау сөз сөйледі.
Сұлтанбектанушы,профессор Хазретәлі Тұрсұн, филология ғылымдарының кандидаты Нариман Нұрпейіс, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Сұлтанбек Қожановтың жиен немересі Гүлсара Қабланова, философия (Phd) ғылымдарының докторы Саян Шылмамбетов, оқытушы Алғабек Қабыл, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ докторанты Жамелов Бағлан баяндама жасап, ұлт жанашырының өмірі, тарихы жайында пікірлер айтылды. Конференцияда Сұлтанбек Қожановтың еңбек жолдары насихатталып, жан-жақты тың мағлұматтар айтылды.
Айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының және республикалық ақындар айтысының «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков пен республикалық «Әліппеге арналған дидактикалық хрестоматиялық оқу құралының» авторы, республикалық «Алтын қалам» байқауының лауреаты, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ділдагүл Нұрмұхамед ұлт қайраткеріне арнау өлең оқып, көпшілікті жырларымен тербетті.
Тарихи мағынаға толы маңызды конференцияда бірқатар елазаматтарына қала әкімі Жандос Тасов «С.Қожановқа 130 жыл» төсбелгісімен марапаттады.
Жиынның жалғасы тұғыры биік тұлғаның 130 жылдық мерейтойына арналған дастарханға ұласты. Дастархан басында алаш арысының ағайын-туыстары мен жақындары, елағаларыда С.Қожанов жайында ой тербеп, әңгімелерімен бөлісті. Сондай-ақ қала әкімі аталған азаматтарға төс белгіні табыс етті.
Саяси қуғын — сүргіннің құрбанына айналып кете барған ұлттың маңдайына біткен алаштың асылы Ақсүмбенің ақсұңқары, ұлтын шексіз сүйген ұлы тұлға Сұлтанбек Қожановтың еңбегін ұлықтау, дәріптеу бүгінгі ұрпаққа парыз, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика