• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Саяси партиялар арасында адал бәсекелестік болуы тиіс

Автор:admin

Апр 19, 2022
Spread the love

Саяси партиялар арасында адал бәсекелестік болуы тиіс

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың партиялар арасындағы теңсіздікті жойғанына қуандық. Расын айту керек, «билік партиясы»деген қасаң қағидаға сына қағылды. Бұлұстаным былтырғы сайлауда бақ сынаған 5 партияның төртеуінің «кең арқанына тұсау» болып еді.

Партиялық бюрократия мен популизмжолының кесілгені біз үшін де, жасап жатқан жұмысымыз үшін де тиімді. Президент жолдауыүкілеген үмітіміздің шоғын маздата түсті. Мемлекеттік маңызы бар құжаттың төртінші қадамы осы жүйенің даму мүмкіндігін кеңейтуге бағытталды.

«…Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алады. Осыған байланысты біз партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек», деді Қасым Жомарт Тоқаев.

Бұл партиялардың жаңа қадамына сенім мен соны серпін сыйлап отыр. Осы орайда Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын толық қолдайдыжәне саяси жүйені реформалау шаралары ел дамуының жаңа кезеңін бағамдауға бастау болады деп санайды.

Президенттің Жолдауында биліктің барлық жүйесінің ашықтығы мен бақылауда болуының және тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі қадамдары белгіленген. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Реформа жасап жатырмыз деген атақ үшін ғана реформа жасаудың ешкімге қажеті жоқ. Мен мұны бірнеше рет айттым. Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай, күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз.Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгеріс керек. Біз кез келген мәселені ашық айтып, оны шешудің оңтайлы жолдарын бірге іздеуіміз қажет. Экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату  өте маңызды. Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, жағдайы жақсарады, деді.

Президенттің саяси ерік-жігері мен қаңтардағы қайғылы оқиғалардың себебін терең түсінуі ғалымдар мен сарапшылардың, азаматтық белсенділер мен Ұлттық Қоғамдық Сенім Кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ Қазақстанның болашағына атүсті қарамайтын азаматтардың мүддесі мен мұратын бір арнаға тоғыстырды. Бұрын-соңды болмаған ауқымды, әрі жаңа реформа іс жүзінде барлық негізгі саяси және қоғамдық институттарды қамтыды. Қазақстансуперпрезиденттік республикадан қуатты Парламенті мен дамыған азаматтық қоғамы бар президенттік республикаға көшуді бастап кетті.

Президенттің сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталған бастамалары көңілге тоят таптырды.

Біз саяси партия өкілі ретінде Парламенттіңөкілеттілігі мен жауапкершілігін күшейту және заңнамалық функцияларды Мәжілісте шоғырландыру қажеттігін толық қолдаймыз. Пропорционалдыажоритарлық жүйені енгізудіжоғарғы палатадан бастап, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарға енгізу таптырмас тәсіл.

Атап көрсетерлігі, былтырғы сайлауда ҚХПсайлаушылардың 9,1% дауысына ие болып, кезекті рет Парламенттің төрінен табылды. Осы тұрғыдан алғанда біз партиялар арасында бәсекелестіктің күшейгенін қолдаймыз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған реформаларын қолдау мақсатында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев ҚР Конституциясына бірқатар түзету енгізу бастамасын көтерді. Оның сөзінше, жаңартылған Конституция демократия, халықтық меншік және әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыруға тиіс.

Осы орайда Қазақстан Халық партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясы қажетті заңдарды қабылдау үшін бар күшін салатынын, ал партия мүшелері барлық өңірлерде олардың жүзеге асырылуына атсалысатынын айтқым келеді.

Біздің партия жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттігін кеңейтуге, облыс әкімдерін тағайындау кезіндегі баламалылыққа, сот және құқық қорғау жүйелерінің ашықтығы мен кәсібилігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығын қорғауға қатысты және БАҚ-тың тәуелсіздігіне тиесілі бастамаларды толық қолдайды. Біз Конституциялық Соттың қайта құрылуы тарихқа енетініне сенеміз және «Ұлттық құрылтай» қоғамдық диалогтың ең жарқын үлгісіне айналады деп үміттенеміз.

Нұрлан Қадырқұлов,

ҚХП Шымкент қалалық

филиалының төрағасы

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика