• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР “ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН” ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ ОРАЙ ӨТКЕН 61- ШІ ДӘСТҮРЛІ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Автор:admin

Июн 18, 2024
Spread the love

Биыл 61-ші рет жалауы желбіреген қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған дәстүрлі жарыс Түркістан қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырды, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Боз кілемде 110-ға тарта балуан бағын сынады. Еліміздегі қазақ күресінің дамуына айрықша үлес қосқан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне арналған турнир 61 жыл бойы үзбей өтіп келеді.
Биылғы турнир жас таланттар мен жаңа есімдердің жарқырай көрінуімен есте қалды. Талай жарыстарда жауырыны жер иіскемеген атақты спортшылардан қорқу-үрку дегенді білмейтін жас балуандарды көріп көңіл сүйсінді. Кентаулық спортшы 74 келі салмақ дәрежесінде Абдикарим Нұрдаулет мерейі үстем болып жарыс жеңімпазы атанса, осы салмақ дәрежесінде күрескен Тұрарбек Бексұлтан 2- ші орынды иеленді.
Айта кетейік, жеңіс тұғырынан көрінген спотшылар Кентау қаласының Б.Саттарханов атындағы БЖСМ-нің түлектері. Жаттықтырушысы Самат Аргимбаев.
Ұлттық ойындар – өскелең ұрпақты үйлесімді тәр­­­бие­­леудің ажырамас бөлігі. Қазақ әде­­­биетінің жарқын жұлдызы Мағжан Жұмабаев ұлттық ойындарды «халық мәдение­тінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қа­­­­­жет­тілігі, тілдің, дене шынық­­­­­­­ты­рудың негізгі элементі» деп тұжырымдаған екен. Бүгінде ұлттық спорт түрлері бұқа­­ралық сипатқа айналып келеді.
Бүгінгі жаһандану заманында әрбір ұлттың өзіндік бет-бейнесін айшықтайтын бірден-бір жолы – ұлттық қадір-қасиеті мен әдет-ғұрпы.
Ұлттық спорттың ұрпақ тәр­биесіне берер тағылымы зор. Жастарымыз шетелдік әртістерге емес, қазақы таным­­дағы тарихи мұраларға, ұлттық ойындарға қызығып, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне ұлттық спорт ерекше үлес қосып келеді.
Қазақстан азаматтары салауатты өмір салтын ұстанатын және бұқаралық спортпен белсенді айналысатын, халықаралық спорт аренасында беделі жоғары және допинг қолдануға нөлдік төзімділікпен қарқынды дамып келе жатқан спортта жетістіктерге жеткен мемлекет ретінде дамуда.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту саясатын іске асыру барлық деңгейдегі дене шынықтыру мен спортқа халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын дамытуға, спорт резервін үздіксіз даярлауды қамтамасыз етуге және еңбек нарығының, сол сияқты болашақ экономиканың ағымдағы сұраныстарына жауап беретін ұлттық құрама командаларды даярлауға бағытталған.
Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Спорт адам өмірін ұзартады деген сөзді де жиі естуге болады. Спорттың адам өміріне көп пайдасы тиетіні сөзсіз. Сондықтан да адам баласы спортты жанына серік қылу керек. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын – сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан.
Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығына жақсартуда пайдалы аса күшті екені қилы. Ұлттық ойындар – ата – бабаларымыздан бізге мұра болған байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді.
Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында оқушыларға «Тыныс алу гимнастикасы» көрсетілді. Осындай жаттығулар оқушылардың спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, өмірде дұрыс таңдау жасауларына тигізер септігі мол.
Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.
Спорт-адамның рухани әлемі үшін маңызды. Спорт адамды жаңа жетістіктерге жетелейді. Дене шынықтыру және спорт кез келген ересек және өсіп келе жатқан балаларымыздың өмірінің ажырамас бөлігі болуы тиіс. Сол себепті спортпен шұғылдануға шақырамын. Салауатты өмір салтын насихаттап жүрген әр адамның денсаулығы жақсы болады. Сол себепті спорт денсаулық кепілі екенін ұмытпайық! Спорт сенің серігің- жанға дауа, қолға күш. Сергітетін адамды- қимыл менен қозғалыс, – кез келкен күнімізді спортпен айналысудан бастайық!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика