• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КЕНТАУДА 300 ОРЫНДЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Июл 10, 2024
Spread the love

Кентау қаласы Қарнақ ауылында «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 300 орынды мәдениет үйінің құрылысы бастау алды. Бүгінгі таңда бетондарын құю жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Кентау қалалық спорт бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Қала әкімі Жандос Тасов құрылыстың алғашқы жұмыс барысын бақылады. Бұл ауыл тұрғындарының көптен күткен нысаны болғандықтан сапасы маңызды екенін атап өтті. Жұмыс барысы ұдайы бақылауда болатынын жауаптыларға ескертті.
Қарнақ мәдениет үйі екі қабаттан тұрады. Ішінде 300 адамға арналған көрермен залы, 85 адамға арналған клуб кешені, әкімшілік-шаруашылық бөлімдері орналасады. Құрылыс жұмыстары 2025 жылы аяқталып, пайдалануға берілу жоспарланған.
Айта кетейік, ауыл тұрғындар қаншама жылдан бері ауылға мәдениет үйінің қажет екенін көтеріп келген. Биыл республикалық бюджеттен қаржы қаралып, өзекті мәселенің шешімі табылды.
Қоса кететін, мәдениет – адам әлемі. Мәдениет көріністерінде адамдық парасат, ақыл-ой, ізгілік пен әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі құралған. Сонымен бірге мәдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады» деген есті сөз ел жадында.
Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Оның дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. Сол себептен елімізде мәдениетке айтарлықтай көңіл бөлініп, бірқатар бағдарламалардың тетіктері қарастырылған. Нәтижесінде өңірде аталған саланың адымы ауыз толтырып айтарлықтай, жоспары жұмыр. Жыл ішінде мәдениет үйінің ұйымдастыруымен түрлі байқаулар, фестивальдер, мерекелік концерттер, әдеби-сазды кештер, түрлі кездесулер, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін іс-шаралар, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кештер,интеллектуалды ойындар және басқа да тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді.
Мәдениет саласының жұмысы тек мәдени шара өткізумен ғана шектелмейді. Нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізу мен олардың материалдық-техникалық базасын нығайту аталмыш саладағы маңызды міндеттер қатарында. Қазіргі таңда мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ұлттық сананың кемелденуі жолында мәдениет саласының мамандарының қосатын үлесі орасан. Мұның барлығы – өнер адамдарының еселі еңбегі, жүйелі жұмысы. Өмір айнасы өнер болған соң, ол жарыққа шықпай тұра алмайды. Олай дейтініміз, мәдени шаралардың өзі – өмірдің бір бөлшегі және ұрпаққа берер тәрбие.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика