• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Июн 21, 2024
Spread the love

Түркістан қалалық білім бөліміне қарасты Құсшы ата елді мекенінде орналасқан жазғы демалыс лагері биылғы жылғы алғашқы ауысымға балаларды қабылдады. Оқушылардың демалуы үшін барлық жағдайлар жоғары деңгейде жасалынған жазғы демалыс орнының ашылу салтанатына Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы арнайы келіп, оқушыларға ақ тілек лебізін білдірді.
Лагерде алты ауысым бойы 900 баланың демалуына жағдай жасау жоспарланған.
Кезекті мектеп демалысын қалай өткізу керектігін тек ата-аналар мен олардың балалары шеше алады. Сонымен қатар, кез-келген таңдалған демалыс түрі балалар үшін мүмкіндігінше пайдалы және қауіпсіз болуы керек екенін ұмытаған жөн.
Жазғы сауықтыру кезеңінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің басым бағыты санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасында жұқпалы аурулар мен жаппай тамақтан уланудың алдын алу болып табылады.
Жазғы сауықтыру объектілері эпидемиялық маңызы жоғары объектілерге жатады және мұндай объектілердің жұмысы санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы рұқсат құжаттары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Жазғы каникул – баланы сауықтыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалану қажет болатын ең қолайлы уақыт. Сондықтан, жазда балалар таза ауада мүмкіндігінше ұзағырақ болғаны дұрыс. Серуен, ойын, дене шынықтыру жаттығулары – оқу жылынан кейінгі ең жақсы демалыс (мектепке барғаннан кейін оның қозғалыс белсенділігі 50%-ға төмендейді).
Баланың денсаулығын нығайтуға қолжетімді және тиімді шынықтыру құралдары – күн, ауа және суды молынан қолданыңыз. Күн – ол жылылық, жақсы көңіл – күй, денсаулық. Алайда, күн сәулесін мөлшерден артық алудың теріс жағы да бар: күн өткеннен бас айналу, тынымсызданып күйгелектену, ұнжырлық, күйік, тыныс алу және жүрек – қан тамырлар жүйесінің бұзылуы. Балаларға ашық күн астында арнайы күнге күюге болмайды. Мүмкіндігінше көлік жолы мен өндіріс өнеркәсіптерінен қашық жасыл – желек арасы, көлеңкелі қалқаның асты — қауіпсіз және жайлы болады. Балалардың көбі арасында суға шомылып, су жағасында құмда ойнағанды ұнатады. Бұл шынықтырудың өте үздік шарасы.
Сіз саяжайда немесе ауылда дем алсаңыз, балаңызды таңғы шыққа жалаңаяқ жүгіртіңіз. Шықтың әсерінен табанның тамырларымен бірге кеңсірік маңы тамырлары бір тарылып, күрт бір кеңейеді. Осының нәтижесінде кеңсірік маңының қан айналуы күшейіп, ауру қоздырғыш вирустар мен бактерияларға берік тосқауыл құрайды. Бұдан басқа шықта жалаңаяқ жүру майтабанның алдын алу болып есептеледі.
Балалық шақты қорғау — балалардың құқықтық мәртебесін айқындайтын нормативтік құжаттарды әзірлеу негізінде балалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі; балалар еңбегін заңнамалық реттеу; қорғаншылық, қамқоршылық және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу жүйесін жетілдіру; тиісті көмекке мұқтаж балалармен түзету және оңалту жұмыстарын жүргізу үшін мамандандырылған әлеуметтік қызметтер мен мекемелер желісін құру. Балалардың және балалы отбасылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда балалардың құқығын қорғау жөніндегі негізгі халықаралық құжаттар ратификацияланған . Мемлекетте сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары жазылған заңдар мен жарлықтар қабылданды. Халықаралық және ұлттық құқықтық құжаттар балалар тап болатын негізгі проблемалар мен қауіптерді шешуге арналған.
Балалардың әртүрлі топтары әртүрлі көмекке және тең әлеуметтік қорғауға мұқтаж. Әлеуметтік қорғауға мұқтаж балалардың басым топтарына: жетімдер; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жағдайы нашар отбасынан шыққан балалар; асырап алынған балалар, көп балалы, толық емес отбасылардың балалары; функционалды даму ерекшеліктері бар балалар; жұмыссыз азаматтардың балалары; балалар — қарулы қақтығыстардың, экологиялық және технологиялық апаттардың құрбандары; босқындар мен мигрант отбасылардың балалары; заңмен байланыста болған және ішкі істер органдарында профилактикалық есепке алуда тұрған балалар кіреді.
Балаларды әлеуметтік қорғауға үш бірдей билік тармақтары жауапты: заң шығарушы, атқарушы және сот. Басымдылық мемлекет пен ол құратын институттарға тиесілі: олар балаларға қатысты әлеуметтік саясат пен заңнаманы қалыптастырады, оның іске асырылуын қамтамасыз етеді және әлеуметтік қауіпсіздікке кепілдік береді. Сондай-ақ саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, қайырымдылық одақтар, діни мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдары, кәсіпорындар мен уәкілетті мекемелер, балалар мен жастар ұйымдары, демеушілік немесе қайырымдылық қызметімен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Балалық шақты әлеуметтік қорғауда отбасы мен мектеп, сондай-ақ арнайы әлеуметтік жұмыс қызметтері ерекше рөл атқарады: муниципалды қызметтер, стационарлық мекемелер жүйесі, баспана, балалар үйі, интернаттар, қосымша білім беру және балаларды дамыту мекемелері, психологиялық, медициналық, әлеуметтік және педагогикалық қолдаудың мамандандырылған орталықтары, кеңес беру және оңалту қызметтері және т.б. Әлеуметтік қорғаудың субъектілері сонымен қатар әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік педагогтар және басқа да мамандар болып табылады.
Ашылу салтанатына “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалы тарапынан “ШАУҒАР”БПҰ төрағасы және партиялық бақылау комиссиясының төрағасының орынбасары Бақытжан Кұлжабаевта қатысып, лагер жұмыстарымен танысты.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика