Сапар барысында Тимур Сламжанұлы өңірдегі медициналық ұйымдарды аралап, Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасына сәйкес алқа отырысын өткізді.
Жиында вице министр ана мен бала денсаулығын қорғау, тыныс алу, ас қорыту ағзалары және нерв жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштеріне тоқталып өтті.
Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы, әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ана мен баланы қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Тарихқа шегініс жасайтын болсақ, ана мен баланы қорғау саласындағы құқықтық база БҰҰ құрылғанға дейін де қалыптаса бастады.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз,- деп атап көрсеткен.
Елімізде әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті әрі көкейтесті мәселелердің бірі ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғау және денсаулықтарын жақсарту. Сондай-ақ ана мен бала өмірі әлем дамуының ең күрделі мәселесіне айналып отырғаны белгілі. Осы жағдайлардың алдын алмаудың салдарынан аналар мен балалар өлімі артып, өмір сүру ұзақтығы азайып, қатерлі инфекциялық түрлі ауруларға шалдығып,қоғамда жетім, мүгедек балалардың етек алғаны белгілі.
Әлеуметтік қолдау мен қорғауды қажет ететін және қазіргі таңда көкейтесті ең өзекті мәселелердің бірі- ана мен бала , олардың денсаулығы.Сондықтан елімізде ана мен балаға ерекше көңіл аударылуда. Аналар мен балаларға арналған көптеген емдеу орындарын, демалыс орындарын, зерттеу орталықтарын да тегін емделуге жағдайлар жасалуы қажет.
— Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы жұмыстар негізінен мына бағыттарда жүргізіліп келеді:
— Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің денсаулығын сақтау ұлттық саясат деңгейінде жоспарлы түрде жүзеге асыру;
Ана өмірінің қауіпсіздігін сақтауды, жобасын жоспарлауды, жаңа туған нәрестені бір жастан асқанша ана сүтімен қоректендіру алдын-ала жасалған бағдарламаға сәйкес жүзеге асыру.
Сонымен қатар, тағы бір мәселе- нәрестелердің перинаталды өлімі мен олардың аналарының босануы салдарынан өлімге жиі ұшырау болып отыр. Оның негізгі себебі, ең алдымен әйелдердің денсаулығының нашарлығына , әр түрлі аурулармен жиі ауыратындығына , жұқпалы кеселдерді жиі жұқтырып алатын әлсіздіктеріне байланысты болса, содан кейінгі себебі ауыл жұртының әлеуметтік тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, ішерге тамақ, киерге киім таппай кедейленіп кетуі, көпшілік отбасы мүшелерінің жұмыссыз қалуы, бірсыпыра еркектер, тіпті әйелдердің де ішімдікке салынуы, нашақорлыққа бас ұрулары да басты себеп.Сондай-ақ экологиялық зиянды факторлардың да ана мен бала организміне тигізіп отырған зардабында шек жоқ.
Ана мен бала денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің , денсаулық сақтау органдарының , жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Яғни, ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғауда олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлуіміз керек. Себебі, дүниеге сау ұрпақ алып келу үшін ананың денсаулығы мықты болуы шарт. Ананың бойындағы барлық дерттер тобы ана құрсағындағы нәрестеге берілетіні белгілі. Сондықтан ана өз бойындағы науқас белгілерін сезсе дәрігерге қаралуы қажет.
Бұл ана мен бала өмірі үшін аса қажет жағдай. Бұл ретте мемлекет, үкімет тарапынан жасалып жатқан ізгі істер баршылық. Өйткені ана мен бала- мемлекет пен халықтың баға жетпе байлығы, болашағы. Ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан және жеке құқықтарын қорғай отырып, біз өз болашағымызды, ертеңімізді қорғаймыз.
Халықтың табиғи өсімі Қазақстанның демографиялық құрылымы үшін маңызды фактор болып табылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, бос уақытын тиімді пайдалану, білім алу және балалардың құқықтарын қорғау тікелей жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Осыған байланысты бүкіл республикада және Түркістанда әлеуметтік қамсыздандыруды, тегін білім беруді және бала денсаулығын дамыту үшін жағдай жасалуда.
Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық. Ұлт байлығы десе де артық емес. Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертеңгі жарқын күні бұл ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты.
Ана денсаулығы деп жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезіндегі әйелдер денсаулығын айтамыз.
Қазіргі таңда, перзентхананың барлық бөлмелеріне беделер орнатылып, әйелдерге гигиеналық жағдайлар жасалынған. Сонымен қатар, туылған нәрестелерге қосымша арнайы кереуеттер бөлінген. Босану залдарында табиғи жолмен босануға жағдай жасалынып, жүкті әйелдер үй жағдайындағыдай әртүрлі қимылда болады (отырып, жатып, арқан көмегімен тағандап тұрып және т.б), еркін босануға мүмкіндік алады.
Жаңа туылған нәрестелер денсаулығы- олардың өмір сүруіндегі алғашқы айдағы денсаулығы.
Босанғаннан кейін ананың балаға деген мейіріміне ықпал ету мақсатында нәрестені көкірегіне жатқызады. «Перзентханада атқарылып жатқан іс-шаралардың қатарына босану серіктестігі модулі енгізілген, яғни босанатын әйелге үйіндегі жақындарының біреуі келіп демеу болады. Осы арада атап айтарлығы – мұнда әрбір босанатын әйелге жеке бөлме бөлінген.
Орталықта «қауіпсіз ана болу», «жаңа туған балалар реанимациясы», «шала туған балаларды күту», «акушерлік қан кетулер кезінде шұғыл көмек», «жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңдегі преэклампсия және эклампсия» сияқты бөлімдер аналарға қалтқысыз қызмет көрсетеді. Скринингтік ультрадыбыстық зерттеу нәтижелері ұрпақтың құрсақішілік кідіруін бағалау және хромосомда патология маркерлерін анықтау үшін өңірлік нормативтер бекітілген.
Денсаулықтың жоғары деңгейiне жетудiң ең маңызды мақсаты салауатты өмiр салтын және азаматтың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру болып табылады, бұл әр адамның табиғи және iшкi қажеттiлiгiне айналуға тиiс.
Бір ғана мысал айта кететін болсақ: елімізде күн өткен сайын шылымқорлар саны артып барады. Соның ішінде қыз-келіншектердің темекіге үйірлігі алаңдаушылық тудырып отыр. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының қандай болуы бүгінгі күні қыз-келіншектердің денсаулықтарына қалай қарайтынымен өлшенеді. Салауатты өмір салтын ұстану зиянды әдеттерден аулақ болып, спортпен айналысумен қоса – дұрыс тамақтана білу. Өкінішке қарай, халқымыз көбінесе дұрыс тамақтануға жеткілікті көңіл бөле бермейді. Адам майлы тамақтармен қатар, тұзды, қуырылған тамақтардан өзін шектеп отыруы керек. Сондай-ақ құстың, балықтың, жылқының етін араластырып жеуді үйрену керек. Яғни дұрыс тамақтану – салауатты өмір салтын сақтаудың кепілі. Денсаулық сақтау ұйымының бүгінгі күні жасалып отырған бағдарламасы бойынша адам еттен гөрі жеміс-жидектерді, көкөністерді көбірек пайдаланғаны жөн. Егер біз салауатты тамақтана білсек, бүйрек, қан-тамырлары ауруы мен ісік ауруларының азаюына мүмкіндік туар еді. «Ауру – астан» дейді. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстануды дұрыс тамақтанудан бастау қажет.
Ана мен бала денсаулығын қорғау сұрақтары әрбір адамға қатысты. Ана денсаулығы деп жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезіндегі әйелдер денсаулығын айтамыз. «Жаңа туылған нәрестелер денсаулығы-олардың өмір сүруіндегі алғашқы айдағы денсаулығы. Әлемнің кейбір аудандарындағы медико-санитарлық көмек алудағы әділетсіздік — жоғары ана өлімін және бай мен кедей арасындағы айырмашылықты көрсетеді.
Ана мен баланы қорғау, гендерлік саясат, отбасының тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттыру, бала тууды ынталандыру, халықтың орташа өмір сүру жасын ұзарту – осының бәрінде де Қазақстан алға ілгерілеп келеді.
Сонымен қатар, жиында медициналық көмектің сапасын жақсарту және арыз шағымдарға талдау жасалды.
Сондай-ақ алқа отырысында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев иедициналық-техникалық жарақтандыру, дәрімен қамтамасыз ету, ұйымдардағы жөндеу жұмыстары, жоспардағы ірі медициналық жобалар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасына тоқталып өтті.
Сондай-ақ вице-министр сапар аясында Түркістан қалалық емханасын аралап шығып, егу кабинеттерінің жұмысын көріп шықты.
Дені сау ұрпақ – ұлтымыздың келешегі. Ұлт денсаулығын жақсарту әр кез мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып келді. Соның ішінде әсіресе, ана мен бала денсаулығы баса назар аударуды қажет етеді. Осы күнге дейін атқарылған шаралардың арқасында республика көлемінде ана өлімі екі есеге азайса, бала туу көрсеткіші бір жарым есеге өскен. Бұл жақсы көрсеткіш болғанымен, бүгінгі жағдайда осымен шектеліп қалуға болмайды.