• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ҮШЕМДЕРДІҢ ШАҢЫРАҒЫНА ҚҰТТЫҚТАП БАРДЫ

Автор:admin

Авг 11, 2024
Spread the love

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы облысымыздын демографиялық өсіуіне өз үлесін қосқан, дүниеге үшемді әкелген Роза Арипбаеваны арнайы құттықтап, шаңырағына барды. Бақыт құшағындағы отбасына табан тіреген облыстың бас дәрігері жаңа туылған нәрестелерге жүректен шыққан ақ тілегін жаудырып, сый-сияпаттар тарту етті.
«Облысымыздың демографиясына елеулі үлес қосып, аман-есен үшемдерді дүниеге әкеліп, өсіріп жатырған сіздерге алғыс айтамыз. Бөбектеріңіз денсаулықтары мықты боп, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосатын үлкен азаматтар болсын. Биіктерден көрінулеріне тілектеспіз. Сіздерді жақсы жетістіктерімен қуанта бергей!» деді Асхан Мархабайұлы.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 573 637, ауыл тұрғындары – 7 586 070 адам. 6 айда халықтың жалпы өсімі 125 867 адамды құрады.
2024 жылдың алты айында Қазақстанда 184,7 мың бала дүниеге келді, қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам. Осылайша, халықтың табиғи өсімі 118,6 мың адамды құрады.
Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау (1000 тұрғынға 24,80 адам), Түркістан (24,78) облыстарында және Шымкент қаласында (23,55) байқалды. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) байқалды, бұл осы облыстар халқының жас құрылымымен байланысты жағдай.
Сонымен қатар, алғашқы жарты жылдың ішінде 57,5 ​​мың неке қиылып, 18,6 мың ажырасу тіркелді.
Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 486 жас бар. Қаладағы 2 жоғарғы оқу орында 12 265 студент білім алып жатыр. 8 орта арнаулы оқу орындарында студенттер саны – 7441. Түркістан қаласы бойынша жалпы орта мектептерде 7-11 сыныптарда 18 844 оқушы білім алуда.
Түркістан облысы туу көрсеткіші бойынша еліміздегі көш бастап келеді. Өткен жылы аймақта 56 мыңға жуық нәресте туған. Ал, 2024 жылдың алғашқы 5 айында 20 мың 859 сәби дүние есігін ашқан.
Билеттер индексі – көптеген елдерде ұлттың қартаю процесін бағалау үшін қолданатын халықаралық статистикалық көрсеткіш. Қазақстанда халық салыстырмалы түрде жас саналады, бірақ жұмысшыларға демографиялық жүктеме жоғары. Балалар мен қарттардың жиынтық үлесі 2023 жылы 42,8%-ға жеткен. Сәйкесінше еңбекке қабілетті жастағы әрбір үш ересек қазақстандықтың асырауында екі адам бар. Биллетер индексі 14 жасқа дейінгі балалар мен 50 жастан асқан адамдар санының репродуктивті жастағы (15 жастан 49 жасқа дейінгі) азаматтардың санына қатынасы ретінде есептеледі. Егер кәмелетке толмағандардың үлесі егде топтағы адамдардан көп болса, жағдай жақсы, ал егде жастағылар көп болса, жағдай нашар дегенді білдіреді. Елімізде аталған индексті 2019 жылдан бастап ұлттық статистика бюросының мамандары есептеп келеді. Содан бері ол тек оң мәндерге ие болған. Алайда 2022 жылдан бастап индекс төмендей бастаған. 2021 жылы 14,3-тен 12,8-ге, ал 2022 жылы 11,6-ға дейін түсіп кеткен. 2023 жылдың соңында бұл көрсеткіш одан да нашар болып шықты. 20 әкімшілік аумақтық бірліктердің 8-де Биллетер көрсеткіші теріс. Оларға солтүстік, шығыс және кейбір орталық аймақтар жатады. Демографтар бұл аймақтарда халықтың қартаю процесі белсенді жүріп жатқанын айтты. Ең кәрі халық Солтүстік Қазақстан облысында (минус 32,9), одан кейін Шығыс Қазақстан облысында (минус 29,5) және Қостанай облысында (минус 24,8) тіркелді. Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тек зейнет жасындағылар тобы ғана өсіп жатыр, ал балалар мен жұмысшылар азайып барады. Бұл еңбекке жарамды халықтың аз екенін көрсетеді. Егде жастағы адамдардың ең жоғары үлесі Шығыс Қазақстан облысында – 20%-ға жуық. Солтүстік Қазақстанда зейнеткерлердің үлесі – 19,4%. Соңғы бір жылда елдегі зейнеткерлердің үлесі 11,4%-дан 11,8%-ға дейін өскен. 2024 жылдың басында Қазақстада 2,4 миллион зейнеткер болды. Бұл ретте балалардың үлесі 31,2%-дан 31%-ға дейін төмендеді. Балалардың саны – 6,2 миллион. Кейбір аймақтардағы жас санаттары бойынша демографиялық алшақтықтардың тағы бір себебі – халықтың көшіп кетуі. Солтүстік және шығыс аймақтарда көші-қон сальдосы теріс, яғни аймаққа көшіп келгендерге қарағанда кеткендер көп.
Еске саларлық, YuWa Бейжің демографиялық зерттеулер институты ғалымдарының баяндамасы жарияланды. Онда әлем бойынша бала тәрбиелеу тұрғысынан қарастырғанда ең қымбат елдер аталды.
Қытай рейтингте көш бастады. Қытайда 18 жасқа дейін балаға орташа есеппен 538 мың юань (шамамен 35 миллион теңге) жұмсалады екен. Бұл жан басына шаққандағы жылдық ішкі өсімнен 6,3 есе көп. Мәселен басқа елдермен салыстырсақ, АҚШ-та бұл көрсеткіш — 4,11, ал Жапонияда — 4,26-ға тең. Аустралияда «балаларға кететін шығын» жан басына шаққандағы орташа ЖІӨ-ден 2,08 есе жоғары. Қытай әлем бойынша туу көрсеткіші ең төмен Оңтүстік Кореядан ғана артта қалды. Зерттеу барысында тек балаға кететін шығын ғана емес, олардың аналарының қаржылық шығыны да қарастырылды. Себебі әйелдер балаға күтім жасаймын деп мансап жолын қуа алмайды, табысынан айырылады. Қытайда ата-аналар 2010 жылдан 2018 жылға дейін бастауыш сынып оқушыларына үй тапсырмасымен көмектесуге көбірек уақыт жұмсай бастаған. Егер 2010 жылдардың басында аптасына 3,67 сағатты арнаса, онжылдықтың соңына қарай 5,88 сағат жұмсаған.
Айта кетейік, бұл облысымызда биылдыққа туылған жетінші үшем. Түркістан облысы республика бойынша туу көрсеткішінен көш бастап тұр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика