• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Автор:admin

Июн 21, 2024
Spread the love

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті. Аталған шараға Түркістан қаласы мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қала әкімінің орынбасар Қырықбаев Мекенхан, мәслихат депутаттары Сүлейменова Жамила, Тұрманов Бақдаулет, Аюпов Данияр, Арыстанов Жандос және Тағайбаев Жанбота қатысты.
Шарада концерттік бағдармалар қойылып, ата әжелерімізге мерекелік көңіл күй сыйлады. Мерекенің алғашқы құттықтау сөзі мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы мен қала әкәмінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлына ұсынылды.
Өз құттықтауында халық қалаулысы “Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету ата бабамыздан келе жатқан үрдіс, күндіз түні аянбай тер төгіп еңбек еткен қарияларымызға алғыс айтып толағай табыс тіледі”.
«Қарттарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді. Ардагерлер мен қарттар алдындағы парызымызды білеміз. Бұл парыз – оларға қамқорлық көрсету, оларды қолдау арқылы өтеледі. Осы парызын орындай отырып, Үкімет зейнетақы заңнамасын жетілдіруде, зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшерін арттыру және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін дамытуда маңызды қадамдар жасалды.
Жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету мемлекет тарапынан ғана емес – қоғамның барлық өкілдерінің, әсіресе жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн. Осы қоғамның іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас буынға үлгілі, өнегелі тәрбие беретін, елжандылыққа баулу сияқты моральдық нормалардың бастауында қазыналы қарттарымыздың тұрғанын әрқашан есте ұстауымыз қажет. Сонымен қатар еліміздің жас азаматын отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары үлгі.
Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге. Аузы дуалы, аталы сөз айтатын баталы қарияларды, өз қадірін білетін, көреген, адал, ақ жаулықты әжені ерекше қадір тұтқан елміз. Қарттықты қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең озығы, өскелең ұрпақпен жалғасқан рухани қазынасы екендігі бүгін айтылған сөз емес, ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұра.
Ертеректе жасы қырықтан асқан қазақ қарттыққа бет бұрып, немере бағып, елге үлгі боларлық іс атқаруға тырысқан. «Ауылыңда қартың болса, жазылып қойған хатпен тең» деп жасы кішілер оларға құрмет көрсеткен. «Төріңнен қарт кетпесін» деп, той-томалақты батасыз бастамаған, қариялардан бата алуға тырысқан. Бұл үрдіс қазақ арасында әлі де болғанмен, сиреп барады, жаhанданудың салқыны тиіп жатқаны шындық.
Ата-әженің тәрбиесін алған балаға халықтың ықыласы ерекше. Ата–әже мектебінен өткен ұрпақ зерек те ерек болып, бүкіл елдің мақтанына айналатын. Қазақ әжесінің керемет образын қалыптастырған бірегей тұлға – Абайдай дананы тәрбиелеген Зере.
Қазақ үйдің төрін үлкендер үшін сайлап, үлкен кетсе, бақ-дәулет, ырыс кетеді деп, қайтыс болған соң нәзір беретін болған. (Нәзір – алла разылығы үшін құрбандық шалып, көпшіліктің басын қосып, батасын алу үшін істелетін шара). Ауыл қариялары көп оқымаса да өздерінің үлкен кісілерден көргенін, табиғаттан үйренгенін, қазақи ұғымнан түйгенін дәріптеген.
– Жақын туған-туысы болмаса да қарияларды жалғыз қалдырмаған. Ағайынның ортасында өмір сүрген. Өйткені кәрілікті жалғыз қарсы алу – үлкен қасірет. Үйіндегі қарияның күтімін жасап, ризашылығын алған келінге ауыл адамдары құрметпен қараған. Қазақта «атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Ауылды жерде бұл үрдіс жақсы сақталған.
Алайда қарт кісілер арасында келіннің теперішіне шыдай алмай, қыздың үйінен пана тапқандар баршылық. Қыздың үйіне барып, бір-екі күн қонып қайтуға арланған қазақ едік. Енді қыздың үйін жайлы қоныс санап, күйеумен бірге тұратындар шықты.Келінмен сыйыспай, өз үйінде өгей атанып жүргендер де бар.
Халық арасында қарттыққа қатысты аңыздар кең таралған.»Бір күні хан жасы 60-тан асқан қарияларды күтіп-бағуға кететін қаржыны үнемдеу мақсатында оларды өлтіруге жарлық шығарады. Әкесін өлтіруге қимаған баласын көріп, шал мырс етіп «Дәл жиырма жыл бұрын дәл осы жерде мен де әкемді өлтіріп едім. Басыма келді деп күледі. Мұны естіген жігіт әкесін сандыққа салып, бағады.
Бір күні жорыққа аттанар кезде сандықтағы әкесін бірге алып жүруіне тура келеді. Жолда шаршаған жауынгерлер бір дарияның жағасына келіп тоқтады. Сонда мөлдір су астында жатқан гаухар тасқа ханның көзі түседі. Оны алып шығу үшін терең дарияның түбіне сүңгіген сарбаздардың бірде бір қайтпайды. Сонда әкесі сыртта не болып жатқанын сұрайды. Баласы болған жайды, өзінің кезегі де келіп қалғанын айтады.
Сонда әкесі дарияның жағасында ағаш бар ма дейді? Баласы «ия» дейді. Сонда шал баласына:»Дарияның түбінен емес, ағаштың басындағы құстың ұясынан гаухар тасты табасың» дейді. Баласы дәл солай істеп, гаухар тасты әкеп береді. Хан жігіттен гаухар тастың ағаш басындағы ұяда жатқанын қайдан білгенін, неге ерте айтпағанын сұрайды. Жігіт амалсыз сандыққа тығып бағып жүрген жасы алпыстан асқан әкесінің кеңесімен тапқаннын айтады. Хан риза болып, қарияларды өлтіру туралы жарлықтың күші жойылғанын жариялайды. Содан бері халық арасында «алпысқа келгеннен ақыл сұра» деген нақыл сөз қалған екен.
Ұрпақтар сабақтастығы жарасымымен сақталса елдің берекесі де, мерекесі де таусылмасы анық. Бейбіт заманның қадірін білетін қадірлілеріміздің ақылы – дария, өмірі – өнеге. Аузы дуалы, аталы сөз айтатын баталы қарияларды, өз қадірін білетін, көреген, адал, ақ жаулықты әжені ерекше қадір тұтқан елміз. Қарттықты қадірлеу, үлкенді сыйлау – қазақ халқының ежелгі дәуірлерден қалыптасқан қазыналы дәстүрлерінің бірі ғана емес, сол игі дәстүрлердің ең озығы, өскелең ұрпақпен жалғасқан рухани қазынасы екендігі бүгін айтылған сөз емес, ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан асыл мұра.
Қазіргі кезде кейбір жастарымыз өз ата-анасын қарттар үйіне өткіген. Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын мемлекеттік мекеме. Қартаю – белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қай жерде де ата – анаға қызмет көрсетуге тиісті екеніңді ұмытпау керек. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да толықтай құқы бар. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке – шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол үйге олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса қартайған ата – анасы оның отбасының құты болып табылады. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата – ана әр кезде де бақытты. Осының себебі неде? Ол дегеніміз баланың ержетіп,есейгеннен соң перзенттік парызын өтей алмауында. Бұл үлкен күнә болып саналады. 9 ай бойы көтеріп, жарық дүниеге әкелген баласынан мұндайды күтпеген ата-ана еріксіз көзіне жас алып, баласының айтқанаына көнеді. Көнбегенде ше, жас ұлғайып, күш-қуат азайып, баласының айтқанын тыңдайды. Ондай жастар уақыт өте келе өкінеді, өйткені ата-анаңа қандай жамандык істесең, балалары ержеткенде соны оларға істейді. Сондықтан да әр нәрсені ойланып істеу керек. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу ол біздің ең бірінші міндетіміз. «Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да, қарызыңды өтей алмайсың»деліген, осы сөздің астарына тереңдей түңілсек,мағынасы терең ұғым береді. Өйткені ата-анаңа қандай жақсылық істесеңде, көптік етпейді. Қарттарды қадірлеп,сыйлау керек. Себебі ол кісілер бізге ақыл айтып, әрдайым қолдап жүреді. Сол кісілердің арқасында біз бақытты ғұмыр кешіп жүрміз. Ол кісілер біздің ата-анамызға дүние есігін ашты. Біздің әрдайым қуанышты жүзімізді көріп, қуанады, барлық жағдайымызды жасайды. Қарт адамдар үйдің берекесі. Аллаға шүкiр, қазiр азғындыктан безген, оқу, ғылымды қуған, намазға жығылған, тура жолды таңдаған жастар өсiп келедi. Осыларға қарап,тәубе дейсiн! Болашақта қандай байлық, мансабым болды деп емес, қандай үлгi боларлық iстер жасадым, қандай игi iстер жасауды, қалай үлгi болуды, ел сыйлайтын азамат болудың қыр-сырын айтып, ақыл берiп, түзу жолға салып отырар ел сыйлайтын ақсақалдар, қазыналар өсер деп үмiттенемiз.
Шараға арнайы келген қарттарымыздың барлығына бірдей сыйлық беріліп құрмет көрсетілді.
Ақ баталы аталарымыз бен мейірімді әжелеріміз,қайратты ақсақалдарымыз бен ардагер ел қаһарманы ағаларымыз аман болсын.
Ел ағаларына алғыс айтып батасын берген ата әжелеріміз төрт көзіміз түгел келер жылдың мерекесіне аман есен жетуге дұға тіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика