ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Мәжілістегі “AMANAT” партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Тұрсынбайұлы Абдиевпен бірге Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен мәслихат депутаты Жамила Төреханқызы, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары Арыстанов Сүлеймен және Инара Абдиғаппарқызы болып «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» арнайы барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. 2021 жылы құрылған мүмкіндігі шектеулі және зейнет жасындағы азаматтарға арнаулы әлеуметтік және сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталық қарттар және зейнет жастағы азаматтарға қоғаммен белсенді араласу және денсаулықтарын жақсартумен қатар қартаю динамикасын төмендетуге кешенді сауықтыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау 725 мың мүгедектігі бар адамның құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның ішінде 420,3 мың адам еңбекке қабілетті жаста (58,0%), 195,2 мыңы зейнеткерлік жаста (26,9%), 109,5 мыңы – 18 жасқа дейінгі балалар (15,1%).
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар іске асырылып жатыр. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстанның Әлеуметтік кодексімен регламенттеледі. Министрлік жанынан Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі жұмыс істейді, – деп толықтырды ведомство.
2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен бірлесіп, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 4 өңірде (Абай, Павлодар, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы) пилоттық жоба іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – үздіксіз оңалту және оңалтудың инновациялық техникалық құралдарын жеке таңдау арқылы тірек-қимыл аппараты бұзылған балалардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Бұдан басқа, Қазақстанның Әлеуметтік кодексіне сәйкес мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әзірленген абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде келесі техникалық оңалту құралдары мен қызметтер көрсетіледі:
— протездік-ортопедиялық көмек;
— тифлотехникалық құралдар;
— сурдотехникалық құралдар;
— арнаулы жүріп-тұру құралдары;
— міндетті гигиеналық құралдар;
— санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері;
— жеке көмекші қызметтері;
— ымдау тілі маманының қызметтері.
2024 жылғы 1 маусымға мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтермен қамтамасыз ету бойынша 230 мың іс-шара немесе қажетті қызметтердің 66,3% іске асырылды.
Қазақстан Әлеуметтік кодексінің 170-бабы 3-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың, жұмыс берушілердің және өзге де ұйымдардың шешімі бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шаралары берілуі мүмкін.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың психологиясы — назар мен қолдауды қажет ететін маңызды және сезімтал зерттеу саласы. Мүгедектердің өмірінің психологиялық аспектілерін түсіну олардың жақсы бейімделуіне және дамуына көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар оның барлық мүшелері үшін анағұрлым инклюзивті және әділ қоғам құруға көмектеседі.
Мүгедек жандардың психологиясы физикалық, психикалық немесе сенсорлық шектеулердің әртүрлі формаларына тап болған адамдардың өмірі мен дамуының психологиялық аспектілерін түсінуге бағытталған зерттеудің негізгі бағыты болып табылады. Бұл жеке адамның әл-ауқатына ғана емес, әлеуметтік әділеттілікке және инклюзивті қоғамға да әсер ететін маңызды тақырып.
Мүмкіндігі шектеулі адамдар психологиясының маңызды аспектісі бейімделу процесі болып табылады. Бейімделу қоршаған ортаға физикалық бейімделуді ғана емес, психологиялық бейімделуді де қажет етеді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарда дәрменсіздік, төмендік немесе әлеуметтік оқшаулану сезімі болуы мүмкін. Олар осы қиындықтарды жеңу және мағыналы және қанағаттанарлық өмір құру үшін күш пен ресурстарды табуы керек.
Тағы бір маңызды аспект – мүгедектердің психологиялық жағдайы мен өзін-өзі бағалауына қоғамның әсері. Стереотиптер, бейтараптық және ресурстардың жеткіліксіз қолжетімділігі толық әлеуметтену мен өзін-өзі жүзеге асыруға кедергі келтіруі мүмкін. Дегенмен, әртүрлілікті мойындайтын және құрметтейтін инклюзивті қоғам оның барлық мүшелерінің психологиялық әл-ауқаты мен дамуына ықпал ете алады.
Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандардың психологиясы теңдік, әділдік және адам құқықтары мәселелеріне ерекшелендіретінін атап өткен жөн. Әрбір адамның құрметтеуге, өзін-өзі анықтауға және қанағаттанарлық өмір сүру мүмкіндіктеріне қол жеткізуге құқығы бар. Осы саладағы психологиялық зерттеулер осы құқықтарды жүзеге асырудағы кедергілерді анықтауға және оларды еңсерудің стратегиялары мен бағдарламаларын жасауға көмектеседі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынастағы стандарттар және этикет:
Мүмкіндігі шектеулі адамдар белгілі бір ерекшеліктері бар адамдар. Олардың да басқалар сияқты құрметке, теңдікке және қадір-қасиетке құқығы бар. Сондықтан олармен қарым-қатынас аяушылыққа емес, өзара сыйластық пен түсіністікке негізделуі керек.
Ыңғайлы және құрметті ортаны құру үшін мүгедектермен қарым-қатынас жасау кезінде белгілі бір этикет стандарттары бар:
Адаммен оның серігі немесе сурдоаудармашымен емес, тікелей өзімен байланысыңыз. Оны тұлға ретінде құрметтеңіз және онымен тікелей сөйлесіңіз.
Олармен кездескенде, оған қозғалу қиын болса да, ақырын қол алысыңыз. Бұл қимыл сіздің құрмет пен жақсы ниетіңізді көрсетеді.
Көмек ұсынғанда, оны сыпайы түрде орындаңыз және оның көмекті қабыл алуын күтіңіз. Әр адамның жеке қалауы мен қажеттіліктерін құрметтеңіз.
Мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге тең дәрежеде құрмет көрсетіңіз. Қарым-қатынас жасасқанда аты-жөнін атаған жөн. Олардың қадір-қасиетін және жеке кеңістігін құрметтеңіз.
Әр түрлі мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас кезінде таныс сөз тіркестерін қолданыңыз.
Мүмкіндігі шектеулі жандармен тең дәрежеде, олардың жағдайына байланысты сөкпей немесе шектемей сөйлесіңіз. Әрбір адам бірегей және құрметке лайық екенін есте сақтаңыз.
Мүмкіндігі шектеулі адамның бір нәрсемен өз бетімен күресіп жатқанын көрсеңіз, қажетсіз араласпаңыз. Оның тәуелсіз екенін еске алып, қадір-қасиетін құрметтеңіз.
Сайып келгенде, мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасаудың негізгі қағидасы – оларды тек шектеулерімен анықталмаған жеке тұлға ретінде құрметтеу және түсіну. Этикет стандарттарын сақтау өзара түсіністікті қалыптастыруға және әрбір адам өзін қабылданған және құрметтелетіндей сезінетін инклюзивті ортаны сақтауға көмектеседі.
Есту немесе көру қабілеті нашар адаммен сөйлескенде, олар әлемді басқа сезімдер арқылы қабылдай алатынын есте сақтаңыз. Мысалы, зағип адамға бірдеңе бергенде «Мынаны сезін» дегеннің орнына «Мынаны қара» деген сөзді қолданған дұрыс. Ал мүгедектер арбасына таңылған адамға кез келген адам сияқты құрметпен, орынсыз алаңдамай қарау керек.
Есту қабілеті нашар адамның назарын аударғыңыз келсе, қолыңызды сермеу немесе иығына жеңіл түрту сияқты жұмсақ қимылдарды қолданыңыз. Оларға айқайламай, анық сөйлеуге тырысқан жөн.
Әлеуметтік қолдау түрлерінің бірі өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, атап айтқанда, қарт адамдарға, 1, 2 — топтағы мүгедектерге, психоневрологиялық патологиясы бар 18 жастан асқан адамдарға, психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға, тірек –қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі–АӘҚ) көрсету болып табылады.
Өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін алу үшін уәкілетті органға (жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, бұдан әрі — ЖҚӘББ) келесі құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
— қызмет алушының өтініші, ал кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін-заңды өкілінің жазбаша өтініші;
— ЖСН көрсетілген жеке басын куәландыратын құжат (туу туралы куәлік);
— медициналық карта.
ЖҚӘББ өтінішті қабылдау кезінде келесі мәліметтерді алу үшін электрондық үкімет шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне ЖСН бойынша сұрау салуларды қалыптастырады:
1) жеке басты куәландыратын құжат туралы;
2) мүгедектікті белгілеу туралы;
3)мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;
4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін-адамды әрекетке қабілетсіз деп таныған кездегі сот шешімі туралы;
5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;
6) Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесінің болуы туралы. Бұдан әрі, адам (қамқоршы) арнаулы әлеуметтік қызметтерді тағайындау туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде порталда авторизацияланады http://aleumet.egov.kz ЭЦҚ арқылы ұйымды таңдайды.
Жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілерге сәйкес 8 түрлі қызмет көрсетіле отырып АӘҚ келесі төрт бағытта ұсынылады:
— стационар жағдайында-қызмет тәулік бойы және жыл бойы көрсетіледі;
— жартылай стационар жағдайында — қызмет тәуліктің күндізгі уақытында күніне төрт сағаттан он сағатқа дейін көрсетіледі;
— үйде күтім көрсету жағдайында-қызмет тәуліктің күндізгі уақытында күніне екі сағаттан және аптасына екі реттен кем емес ұсынылады;
— уақытша болу жағдайында-бұл қызмет белгілі тұрғылықты жері жоқ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға ұсынылады.
Орталықта «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімшесі, «TEN QOGAM» бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу көмек» бөлімшесі өмірлік қиын жағдайларға тап болған және тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіліп жатқан азаматтарға әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Әлеуметтік қызметтер орталығында жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға:
— Дәрігерлік кеңес;
— Психологиялық кеңес;
— Еңбек терапиясы;
— «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану бойынша компьютерлік сауаттылық курстары;
— Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);
— Спорттық және сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, тенис т.б);
— Музыкатерапия;
— Бизнес-тренинг;
— Мәдени демалыс шаралары;
— Еңбек әлеуетін дамыту тақырыбында тематикалық курстар ұйымдастырылатынын аңғардық.
Мекеме Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 бұйрығының 2-қосымшасымен бекітілген «Халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету» стандартына сәйкес 8 түрлі арнаулы әлемметтік қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік-медициналық қызмет:
— Дәрігерлік кеңес;
— Физиотерапия;
— Адамның өз психикасын және дененің физиологиялық процестерін бақылау жаттығулары;
— Массаж;
— Фитобар;
— Емдік және дене шынықтыру (ЛФК);
— Би үйірмесі;
— Йога;
— Айкуне гимнастикасы (адам омыртқасына Шығыс медицинасы бойынша емдік денешынықтыру);
— Скандинавиялық серуендеу (жүрек-тамыр жүйесін нығайтудың, бұлшықеттердің тонусының және күш пен қуат алудың тамаша тәсілі).
— Ерекшелігі, 1 сеансы 10 классикалық массажға тең жаңа инновациялық биоэнергетикалық массаж аппараты арқылы бірден 7 түрлі ем ұсынылады. Биоэнергетикалық массаж аппарат (БЭМ) бір мезетте ауру нүктесін анықтап, иглотерапия, физиоемдеу, лимфодренаж классикалық, гуаша, «баночный» және «акапунктурный» массаждарды жасайды.
БЭМ аппараты тірек-қимыл аппараттары, бел-омыртқа аурулары, грыжа, инсульт әсерлері мен остеохандроз, плексид және жүйке жүйесін емдеуде өте жақсы нәтижелер беруде.
Әлеуметтік-психологиялық қызмет:
— Психолог маман кеңесі.
— Жеке тұлғаның ең алдымен өзін, қоршаған қоғамды, дүниені дұрыс сезініп, бағалай білуін, сол арқылы туындаған мәселелерді оңай шешу жолдарын қарастыратын психосессия және осыған ұқсас тренингтер.
Әлеуметтік-экономикалық қызмет:
— Мәселені шешуге дұрыс көзқарас орнату және дұрыс мінез-құлықтарды қайталау арқылы қажетті дағдаларды қалыптастыру бойынша бизнес-тренинг;
— Тақырыптық курстар;
— Тиісті жәрдемақы, өтемақы, алимент және басқа төлемдерді алуға көмек беру, сүйемелдеу.
Әлеуметтік-ағартушылық қызмет:
— «Egov» электронды үкімет порталын пайдалану және компьютерлік сауаттылық курстары;
— Араб тілі;
— Брайльмен жазуды үйрену;
— Менталдық арифметика.
Әлеуметтік еңбек қызметі:
— Еңбек терапиясы;
— Мүгедектерге кәсіптік бағдар беру.
Әлеуметтік-мәдени демалыс қызметі:
— Мерекелік іс-шаралар;
— Музыка терапиясы;
— Саяхаттау (Тарихи-мәдени орындарға экскурсия);
— Спорттық-сауықтыру шаралары (бильярд, шахматы, теннис, т.б).
Әлеуметтік-құқықтық қызмет:
— ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік қамсыздандыру мен көмекке байланысты мәселелер бойынша заңгерлік кеңес беріледі.
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет:
— Еңбек дағдылыарын қалыптастыру және қоғамдық жұмыстарға тарту.
Жалпы, әлеуметтік қызмет көрсету деген ұғымды қалай түсінеміз? Ол — бір өзі еңсере алмайтын, қиын тұрмыстық жағдайдағы (мүгедектік, жасының ұлғаюына, сырқаттығына байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіздік, жетімдік, қараусыз қалушылық, аз қамсыздандырылушылық, жұмыссыздық, белгілі бір түрғылықты мекенінің жоқ болуы, отбасында қатігездікпен қарауы, жалғызіліктілік, т. б.) азаматтарды әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер мен материалдық көмек көрсету, әлеуметтік жерсіндіру және сауықтыру жөніндегі әлеуметтік қызмет орындарының қызметі.
Әлеуметтік қызмет көрсету процесі халыққа барынша ыңғайлы әрі оңай болуы үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер порталын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосты.
Әлеуметтік қызметтер порталы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.
Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:
— арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
— техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
— ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;
— жеке көмекшінің қызметін көрсету;
— санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.
Әлеуметтік қызметтер порталы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар Портал арқылы 55 техникалық оңалту құралдарының (ТОҚ) 24 түрін және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.
Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Порталда ұсынылған техникалық оңалту құралдарының 24 түрінің тізімі төмендегідей:
— Жейде киюге арналған құрылғы.
— Колготкилерді киюге арналған құрылғы.
— Шұлықты киюге арналған құрылғы.
— Түймелерді түймелеуге арналған құрылғы (ілгек).
— Әмбебап ұстағыш.
— Ыдысты ұстағыш.
— Қақпақтарды ашуға арналған қармауыш.
— Кілттерді ұстағыш.
— Кохлеарлы импланттарға арналған сөйлеу процессорлары.
— Дауыс құрушы аппарат.
— Сөз шығаратын термометр.
— Сөз шығаратын тонометр.
— Сөз шығаратын тест-жолақтары бар глюкометр.
— Брайль шрифті бойынша сөйлейтін оқулық.
— Брайль бойынша жиналмалы әліппе.
— Жіпқозғалтқыш, көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған тігін ине.
— Сіңіретін ақжаймалар (жаялықтар).
— Стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған герметик пастасы.
— Қорғаныс кремі.
— Сіңіргіш ұнтағы.
— Иіс бейтараптандырғыш.
— Теріге арналған тазартқыш.
— Дәретхана бөлмелеріне арналған тіреуіш қайырмалы тұтқалар.
— Ванна бөлмелеріне арналған тұтқалар.
Өнім берушілерді порталда тіркеу тәртібі мынадай:
Өнім берушіні әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуді заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) куәландырумен жүргізеді.
Өнім беруші тіркеуді еркін негізде Порталда электрондық түрде http://aleumet.egov.kz/ сілтеме бойынша жүргізеді.
Порталда келесі өнім беруші тіркеле алады:
— Салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ.
— Банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды.
— Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген.
— Міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар.
— Медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар.
— Тауарларды және көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін бағаны табыстаған өнім берушілер тіркеледі.
Өнім беруші Порталда тіркеуден келесі жағдайларда алынады:
— Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген.
— Қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болған.
— Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу.
— Портал арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.
Әлеуметтік қызметтер порталымен жұмыс істеу жөніндегі пайдаланушылардың нұсқауларын сіз https://aleumet.egov.kz/ru/support сілтеме арқылы таба аласыз.
Қызмет алушылар порталды өз бетінше немесе Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдері қызметкерлерінің көмегімен пайдалана алады.
Порталды енгізу ұсынылатын техникалық оңалту құралдары мен қызметтердің сапасын жақсартуға, оларды алудың мерзімдері мен атаулылығын қысқартуға, техникалық оңалту құралдары мен қызметтерге нақты қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінде көрсетілетін қызметті алушылар мен жеткізушілерге арналған порталды пайдалану бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулықтар әзірленген, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары мен бөлімдерінің қызметкерлері үшін оқыту тренингтері өткізіліп келеді.
«Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану сұрақтарына тиісті Әлеуметтік-еңбек саласы бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1411 нөміріне хабарласыңыз» — дейді Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жауапты мамандары.
Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, олардың әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.
«Ten qogam» бөлімшесі қаладағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарынан еңбек әлеуеті бар азаматтарды анықтап, оларға орталықтың ұсынатын қызмет түрлерімен таныстыру жұмыстарын атқаруда екен.
«Бүгінгі таңда ұсынылатын қызмет түрлерін пайдалануға 90 азамат ниет білдіріп отыр. Олардың қатарында:
— мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамтылу мәселесімен — 11 азамат;
— жеке ісін ашуға қолдау көрсету сұрап, өтінішпен жүгінген — 35 азамат;
— құқықтық кеңес алып, заңдылық тұрғыдан көмек сұрап келген – 5 азамат;
Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, жұмыспен қамту шараларын ұйымдастыру барысында жұмыс берушілермен бірлесіп жұмыс орындарын құру бағытында келіссөздер жасалуда.
Осы ретте мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік көмек хақында жан-жақты деректер мен дәйектерді қалың оқырман назарына ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз.
Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келтіріп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.
Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
Мүгедектің мынадай құқықтары бар:
— әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу;
— әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу;
— ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу;
— білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты;
— Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу;
— Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу;
— Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі;
— Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау.
Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:
— Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер;
— Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер;
— Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері және өзге де ұйымдармен.
Мүгедектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету: Жергілікті атқарушы органдар:
— Есепке алып, баспанасыз мүгедектерге үй береді;
— Мүгедектер мен отбасылық құрамында мүгедек бер жанұяға баспана кеңістігі жабдықтары мен арнайы құралдар мен жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Мүгедектерді жұмыспен қамту: Жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жұмыспен қамтуды мына жолмен қамтамасыз етеді:
— қызмет орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерге жұмыс орындарынан квота бекіту;
— жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;
— арнайы, сонымен қатар мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру;
— мүгедектерді кәсіби оқыту ұйымдары.
Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер үшiн аптасына отыз алты сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгiленедi, ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi. Түнгі уақыттағы жұмысқа тек мүгедектік келісімімен, егер оның денсаулығына мұндай режим тйым салынбаса жіберіледі.
Еңбек келісімшартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру тек мүгедектің келісімен жүзеге асуы тиіс, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайша келсе жоғарыда аталған шаралар керісінше іске асады.
Мүгедектерді жұмыспен қамту:
Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыр жұмыстарда, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын есепке алмай мүгедектер үшін жұмыс орындары санынан 2-4 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілейді; жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құруда; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құруда; мүгедектерді кәсіптік оқытуды ұйымдастырады.
Заңнамада еңбек қатынастарына қатысты мүгедектер құқығына кепілдік берілген. Еңбек келісім-шартын жасаудан, қызметте өсіруден бас тарту, басқа жұмысқа ауыстыру мүгедектің келісімісіз жүзеге аспауы тиістігі көзделген, егер халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстағы өкілетті органның аймақтық бөлімшелерінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіби міндеттерді атқаруға келмесе, денсаулығына қауіп келсе және өзге тұлғалардың еңбек қауіпсіздігіне қайшы келсе жоғарыда аталған шараларды іске асыруға рұқсат етіледі.
Мүгедектік топты белгілеу критерийлері:
Бірінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып, ағза функцияларының тұрақты маңызды түрде бұзылуы немесе бұзылғанының анық көрінуі болып саналады. Топқа жататындығын белгілеу мүгедектердің сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, бірден көрінуіне әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты жүзеге асады.
Үшінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші дәрежелі еңбек қызметіне қабілеті (еңбек қабілеті); үшінші дәрежедегі тұспалға мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; үшінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Екінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып ағза функцияларының тұрақты түрде бұзылуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, бірден көрінуіне әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады.
Екінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; екінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); үшінші, екінші дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; екінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; екінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Үшінші топ мүгедектерін бекіту критерийлері болып ағза функциялары бұзылуының баяу байқалуы, сырқаттануының арқасында, алған жарақаттарының барысында өмірлік қызмет дәрежелері немесе олардың тіркестерінің шектелуі, баяу байқалуына әкеп соғатын төмендегі көрсетілген ақаулықтарға байланысты табылады.
Бірінші дәрежедегі өзін-өзі қамтамасыздандыруға мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі қозғалуға мүмкіндігі; үшінші, екінші дәрежедегі еңбекке қабілеттігі (еңбекке қабілеттігі); бірінші дәрежедегі оқуға мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі қарым-қатынасқа мүмкіндігі; бірінші дәрежедегі өзінің іс-қимылына жауап беру мүмкіндігі.
Мүгедектерді жұмыспен қамту:
Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімшілік) жұмыс орындарының жалпы санына байланысты 2-4 пайыздық көлемде квота бөледі; жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын бөледі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын анықтап, мүгедектерге кәсіби білім беру қарастырылған.
Еңбек қарым-қатынасы тұрғысынан мүгедектердің хұқықтары заңмен негізделген. Еңбек келісімшартынан бас тарту, басқа қызметке ауысу мүгедектердің өз келсімінсіз жүзеге аспайды, керсініше жағдайда, егер мүгедектің денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық танытатын болса, жұмыстан босатылады.
Білім саласындағы мүгедектерге берілетін жеңілдіктер:
Бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен мүгедек балаларға 0,5 пайыздық кәсіби және жоғары білім алуларына берілетін квота қарастырылған.
Жоғары оқу орындарында, мемлекеттік тапсырыс пен мемлекеттік грант бойынша оқып жатқан мүгедектерге стипендиялық қамтамасыз етуде жеңілдіктер беріледі.
Мүгедектерді сауықтыру түрлері:
Жүргізілетін медициналық оңалту мүгедектер организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын сақтауға, ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер көрсету кешенін көздейді.
Мүгедектердi әлеуметтiк оңалту мүгедектердiң шектеулi тiршілiк әрекетiн жеңуi үшiн жағдай туғызуға, олардың әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiруге, әлеуметтiк-тұрмыстық және қоршаған ортаға бейiмделуiне бағытталған. Ол мүгедектердi жеке басының гигиенасы, өзiне өзi қызмет көрсету, жүрiп-тұру, қарым-қатынас сияқты негiзгi әлеуметтiк дағдыларға үйрету; мүгедектердi техникалық көмекшi (қалпына келтiру) және арнайы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету; мүгедектерге үйде, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; жүріп-тұруы қиын бірінші топ мүгедектері үшін медициналық жеке көмекші, естімейтіндігі бойынша мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтiк қызметін көрсету – жылына алпыс сағат; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық көмек көрсетiлуiн қамтамасыз ету; мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасына (ОЖБ) сәйкес әлеуметтік оңалтудың өзге де түрлерiн қамтиды.
Мүгедектер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оңалту құралдары мен қызметтерін беруге өтініші негізінде протез-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, арнайы жүрiп-тұру құралдарымен, санаторлық-курорттық еммен және басқа да әлеуметтік оңалту құралдырмен ОЖБ сәйкес қамтамасыз етіледі.
Бөгде адамның күтімі және көмегіне мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін Республикада медициналық-әлеуметтік мекемелер, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары және үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері желісі ұсынады. Интернат-үйлерде тұратын қарттар мен мүгедектерге күтім, тамақтандыру, әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік бейімдеу, еңбекпен оңалту, оқыту ұсынылады.
Республикада қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетудің 12 аумақтық орталық жұмыс істейді, олардың функцияларына көрсетілген азаматтардың санаттарына әлеуметтік қызметтер көрсету, медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралар жүргізу, мүгедек-балалардың оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдайлар жасау (әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету кезінде), қолайлы моральдік-психологиялық климат жасау, қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызмет көрсетудің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету кіреді.
ҰОС мүгедектері мен қатысушылар болып қандай тұлғалар қабылданады?
Соғыс ардагері болып бірінші дүниежүзілік соғыс, азаматтық және ҰОС-да әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде әскери қызметте болған, сонымен қатар бұрынғы Кеңес Одағын қорғауға қатысқан ҰОС мен азаматттық соғыс партизандары, астыртын жұмыс істеушілері есептеледі.
Мүгедектер болып бірінші дүниежүзілік, азаматтық және ҰОС-ның әскери флоттарында, әскери-теңіз флоттары мен әуежайларында, темір жолдарда әскери қызметтен өткен кезде жарақат, контузия, мертігу салдарынан мүгедек болғандар саналады.
ҰОС мүгедегі, қатысушысы мен соларға теңестірілген тұлғалар дәрежесін алуға қажетті құжаттар:
Қатысушының, мүгедектердің соларға теңестірілген жеңілдікке жатқызылатындар дәрежесі ҰОС жылдарында әскерде болғанда, Чернобыль апатының жабылуында, бұрынғы кеңестер Одағын қорғауда берілген әскери билеттің анықтамасы негізінде, сонымен қатар ядролық сынақтар өткізуде жарақат алу салдарынан мүгедек болғандығы туралы анықтамамен анықталады.
Осы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі соғысқа қатысқандығы туралы куәлік береді, ал соғыс мүгедегі куәлігі – Қазақстан Республикасы тұрғындарын әлеуметтік қорғау органдарымен беріледі. Соларға теңестірілген жеңілдікке жатқызылатын тұлғалардың зейнеткерлік құжатына белгі соғылады.
Тұрғын үй, коммуналдық төлемдер, отын, телефон, дәрі-дәрмек, қоғамдық көліктерде жүру төлемдеріне арнайы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) бөлінеді.
АМЖ алу үшін қажетті құжаттар:
— Өтініш;
— Жеке басының куәлігі;
— АМЖ алу құқығын білдіретін құжаттар.
«Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесі жыл басынан 43 отбасы немесе 124 азаматқа әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетіп келеді:
Өмірлік қиын жағдайға тап болған немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу» бөлімшесі жыл басынан 43 отбасы немесе 124 азаматқа әлеуметтік арнайы қызметтер көрсетіп келеді. Олардың қатарында 57 кәмелет жасындағы жасөспірім, 11 қарт адам бар.
Әлеуметтік қызметтерді кешенді түрде ұйымдастыру бағытында ведомствоаралық меморандум түзіліп, қызметтерді сапалы көрсету мақсатында Түркістан қаласындағы сектор алқаптарының басшылары, ақсақалдар кеңесінің өкілдері және ведомствоаралық ұйымдары (білім, денсаулық, жұмыспен қамту орталығы және т.б) өкілердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізіліп, бірлескен іс-әрекеттердің амалдары келісілді. Әрбір отбасы терең зерттеліп, бірінші кезекте демеушілерді тарта отырып азық-түлік пакетімен қамтамасыз етілуде. Әрі қарай отбасының өзекті мәселесі нақтыланып, кешенді әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмектер көрсетіліп келеді. Атап айтқанда:
— 20 адамға құқықтық көмек және олардың мәселелері бойынша ішкі істер басқармасымен бірлесе жұмыстар атқарылуда;
— 39 адамға психологиялық диагностика;
— 22 адамға медициналық көмек;
— 8 адам дағдарыс орталығына орналастырылды;
— 25 адамның жұмыспен қамту жөнінде мәселесімен айналысуда.
Орталықта 12 түрлі көрсетілетін қызметтер мен курстар бойынша қызмет ұйымдастырылуда. Оның ішінде: Еңбек терапиясы, ән мен емдеу терапиясы, школа войлока, психотренинг сабақтары, «Айкуне» гимнастикасы (адам омыртқасына шығыс медицина бойынша емдік денешынықтыру), «Йога» (адамның өз психикасын және дененің физиологиялық процестерін бақылау жаттығулар), скандинавиялық таяқтармен серуендеу(жүрек тамыр жүйесін нығайтудың, бұлшық еттердің тонусының және күш пен қуат алудың тәсілі), терапиялық жаттығу бөлмесі (Лечебно-физиотерпевтический кабинет), массаж жасау, менталды арифметика (ойлау қабілетін дамыту), әлеуметтік демалыс қызметі (шахмат, бильярд, экскурсия т.б) түрлері бар.
Әлеуметтік қызметтер орталығының жұмыс барысымен танысып, орталықтың демалушы қарияларымен жүздесіп сүбелі сұхбат жүргізді. Жиын барысында қариялар көп уақыттан бері қордаланып келген өтініштері мен бұйымтайларын қабылдау барысында айтты.
Өз кезегінде өтініш иелері өкіметтен үй кезегінде тұрған мүгедектерге қандай жеңілдіктер бар екендігі, аталған мекемеге парафин массаж, аяқ массажы, велотренажерлардың, және демалыс орындарына жеткізетін көліктін керек екендігі мен емханаларға портал туырлау қиын екендігін, құмар ойындарын ойнайтын онлайн кредит алатвн жастардың көптігі мен оларға қатысты заң мәселелері жайында, 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға мемлекеттен арнайы қаржы қаралып, ғимараттар салынса деген мәселелер көтеріліп, баяндалды.
2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов 2021 жылғы ақпанда бекіткен болатын. Ол егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, халықтың салауатты өмір сүру ұзақтығын арттыру, қарт адамдардың әлеуметтік және психологиялық әл-ауқатын жақсарту, егде жастағы адамдардың қоғам өмірінің әртүрлі салаларына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту үшін іс-шараларды көздейді. Осы жоспарды іске асыру үшін үлкен жастағы адамдардың жағдайын жақсарту мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Қазақстанда 65 жастан асқан шамамен 1,5 миллион адам немесе бүкіл халықтың 7,8% тұрады. Бұл көрсеткіш соңғы 6 жылда 1% өсті (2015 жылы 6,8%).
Мұндай орталықтардың ашылуы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген «Белсенді ұзақ өмір» Ұлттық жоспарында көзделген. Қазіргі уақытта құжат жобасы орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер деңгейінде, сондай-ақ онлайн режімде «Ашық НҚА» порталында талқылануда, онда әрбір тілек білдіруші өз ұсыныстарын бере алады.
Белсенді ұзақ өмір орталығы – ересек адамдар ағылшын тілін үйреніп, компьютерлік сауаттылық курстарынан өтіп, емдік дене шынықтырумен, бимен және т.б. айналыса алатын бос уақытын өткізу мекемесі. Нәтижесінде, егде жастағы қазақстандықтар қоғамға белсенді түрде араласып, олардың психоэмоционалдық жағдайы жақсаруда.
Өтініштер легімен толық танысып шығып , мәселелері бойынша ұсыныстар білдірілді, бірнеше өтініштер бойынша депутаттық сауалдар жолдайтындықтарын хабарлады.