• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

НӘТИЖЕ ЖОБАСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июн 27, 2024
Spread the love

Түркістан қаласы әкімдігі “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен “Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы” КММ “Қамқорлық” отбасын қолдау секторының қызмет алушыларына “Нәтиже” жобасының таныстырылымы өтті.
Жобаның мақсаты: Осал топтағы әйелдерді нарықта сұранысқа ие мамандықтарға үйрету.
Жоба негізгі 3 бөлімнен тұрады: алғашқы бөлімде әйелдер смм, таргет, маркетинг және өнімді сатылымға шығаруды үйренсе, келесі бөлімде сұранысқа ие қолөнер, клининг, базалық құрылыс пен глютенсіз тағам әзірлеу сынды тақырыптарды игереді.
Жоба әйелдерге не береді?
Жоба әйелдердің жеке кәсіп бастауына және отбасылық қаржыны молайту мен үй жағдайында табыс тауып нәтижеге шығуға мүмкіндік береді.
Қоғамда белсенді әрі жеке кәсібімен айналысатын қыз келіншектер туралы ақпарат жиі жарияланады. Бұл соңғы уақытта бизнесте де әйелдердің үлесі бар екенін айқын көрсетіп отырғаны анық. Қандай бизнес түрімен айналысу керек екенін шама-шарқына, қабілет-қарымына қарай таңдау әркімнің өз еркінде. Дегенмен бизнес және әйел дегенде жеңіл өнеркәсіп, тағам және қызмет көрсету салалары бірінші ойға оралады.
Алайда қазіргі таңда ауыл шаруашылығында да әйелдердің қолымен атқарылып жатқан жұмыстар бар. Шалғай аймақтарда, ауылдық жерледе шаруа қожалықтарын ашып, асыл тұқымды мал басын көбейту, құс өсіруді қолға алған келіншектер қаншама?! Осы ретте «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Іскер әйелдер кеңесі ауыл шаруашылығында әйелдердің кооперациясын құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы отандық әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау және дамыту тақырыбына арналған баспасөз-мәжілісінде айтылды.
Ұлттық статистика деректері бойынша, Қазақстанда әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 43,3%-ды құрайды. Олардың көпшілігі – осы саладағы жұмыс орындарының 31,4%-ын қамтамасыз ететін шағын және орта бизнес. Бүгінде елімізде әйелдердің кәсібін қолдайтын 17 орталық жұмыс істейді. Шалғай ауылда отырып-ақ, өз кәсібін ашып, бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырған әйелдер бар.
Қыз-келіншектер еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға белсенді атсалысып келеді. Бүгінде олардың шағын және орта кәсіпкерліктегі үлесі ер-азаматтармен теңесті. Жеке кәсіп ашқан әйелдер жаңа жұмыс орындарын ашуға, отбасылық кәсіпкерлікті қалыптастыруға септіктерін тигізуде. Әрі отбасының ұйытқысы. Әйгілі император Наполеон «Өркениетті әрі білімді ұрпақтың қалыптасқанын қаласаңыздар, бірінші аналарға білім беріңдер» деген екен. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ұлт болам десең, бесігіңді түзе» дегені де сол бесікті тербететін әйелдер рөлімен тікелей байланысты. Қай қоғамда болсын әйелдің арқалаған жүгі жеңіл болған емес. Оларға әрдайым қолдау қажет.
Жобаның жетекшісі Дара медиа холдинг басшысы Рухабза Халдарбек және Назым Исмағанбет, Нұргүл Сариева, Дина Рашева, Сымбат Жүзенқызы сынды белгілі тренерлер.
Жалпы мемлекет тарапынан гендерлік саясатқа назар аударылып келеді. Кәсіпке жауапкершілікпен қарап, әр жобаға жанын беретін қыз-келіншектер есеп-қисапқа, құжаттар мен күнделікті жұмыс барысына ұқыпты келеді. Әйел кәсіпкерлігіне мемлекет тарапынан көрсетілген кез келген қолдау қажетті. Әйелдер ел экономикасына «қыздың жиған жүгіндей» тәртіп пен жинақылық әкеледі, жемқорлық та азаяды.
«Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық қызметтер» құралы кәсіпкер әйелдер мен жеке тұлғалардың әйелдері үшін қолжетімді экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОБ субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде көрсетілетін ақпараттық-консультациялық қызметтер кешенін қамтиды.
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық қызметтер мыналарды қамтиды:
— мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және кеңес беру бойынша:
— мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шаралары туралы кәсіпкерлік бастамасы бар ШОБ субъектілері мен халыққа кеңес беру;
— кәсіпкерлік қызметті бастау мәселелері бойынша кеңес беру (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішін және салық салудың оңтайлы жүйесін таңдау);
— шарттар мен бастапқы бухгалтерлік құжаттардың үлгілерін дайындау мәселелері бойынша кеңес беру;
— Екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдарында және даму институттарында қаржыландыруға дейін және кейін қажетті құжаттарды жинау жөніндегі қызмет;
— бизнесті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру;
— құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша:
— ШОК субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша кеңес беру;
— лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша кеңес беру;
— сатып алуларға/конкурстарға/тендерлерге қатысу және жер учаскесін алу үшін құжаттарды жинау және өтінімді ресімдеу жөніндегі қызмет;
— инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау) қосылған кезде құжаттар мен техникалық шарттарды алудағы қызмет.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика