• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ 9-ШЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Май 5, 2024
Spread the love

Қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлының төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиналыста күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.
Мәжілісте қала аумағындағы кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың, суицидтің алдын алу шаралары туралы Абдрахман Тоқбергенов баяндаса, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің үстінен жинақталған іс құжаттар бойынша Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ бастығы М. Жумабеков жеткізді.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жасады.
Өз кезегінде комиссия төрағасы Мекенхан Қозыханұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы, әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз,- деп атап көрсеткен.
Ал, келесі жолдауда «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғалуы тиіс. Біздің жерімізде туылған әр сәби-қазақстандық. Және ол сәбиді мемлекет қамқорлығына алуға тиіс» деп аталған болатын.
Елімізде әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті әрі көкейтесті мәселелердің бірі ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғау және денсаулықтарын жақсарту. Сондай-ақ ана мен бала өмірі әлем дамуының ең күрделі мәселесіне айналып отырғаны белгілі. Осы жағдайлардың алдын алмаудың салдарынан аналар мен балалар өлімі артып, өмір сүру ұзақтығы азайып, қатерлі инфекциялық түрлі ауруларға шалдығып,қоғамда жетім, мүгедек балалардың етек алғаны белгілі.
Отбасылық қиындықтар (әлеуметтік төмендік). Отбасы – жас ұрпақты әлеуметтендірудің ең маңызды институты. Ол баланың өмірі мен дамуының жеке ортасы. Қандай да бір қоғамдық немесе мемлекеттік мекеме болсын, белгілі бір жас кезеңінде тұлғаның даму тиімділігінде шешуші рөл атқара алмайтыны белгілі. Толыққанды отбасының болмауы, яғни отбасында ата-анасының (не екеуі, не бірінің) болмауы немесе отбасылық дисфункция бала өмірінде және оның тұлғалық қалыптасуында нақты қиындықтар тудыратын бірден-бір фактор. Қоғамның әлі күнге дейін жеңе алмай келе жатқан күресі осы.
Қолайсыз өмір сүру ортасы. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың орын алуына жиі себеп болатындарың бірі осы. Көп балалы отбасының шағын отбасына айналуы, бір балалы және толық емес отбасылардың көбеюі, отбасы мүшелері арасындағы өзара ұйымдастықтың жоқтығы әлбетте, баланың үйден емес, түзден, яғни сыртқы ортадан қарым-қатынас іздеуіне мұқтаждықты қалыптастырады. Өз отбасында ата-анамен байланыс, олардан тәлім-тәрбие, дұрыс бағыт алып өспеген бала қанша жерден жақсы болсын, озат болсын, мектебінде де қоршаған ортасында өзін нашар сезініп, оқшаулана бастайды. Міне, осыдан отбасы мен мектептің еркінсіздігін тастап, бейресми топтың еркінсіздігіне тап болады.
Бұқаралық ақпарат құралдары. Бұқаралық ақпарат құралдарының балаларға әсері туралы айтатын болсақ, ең алдымен олардың ақпараттық әсерін атап өту керек. Олар білім беру ұйымдарындағы білім беру жүйесінен айтарлықтай айырмашылығы бар бейресми білім беру жүйесін құрайды.
Кино мен теледидар агрессивті мінез-құлық дағдыларын дамытудың күшті көздері болып табылады. Теледидар арқылы балалар мен жасөспірімдер үйден шықпай-ақ агрессияның кең ауқымын үйренуге көптеген мүмкіндіктер алады. Бүгінде қоғамдық даму мен әлемдік жетілудегі технолизацияның «арқасында» кино мен теледидардың орнын интернет пен әлеуметтік желі тетіктері алмастырып, зардабын еселеп таттыруда.
Арандатушылық. Жасөспірімдердің көбі өздерінен үлкендердің ықпалымен қылмыстарға баратыны белгілі. Арандатушылық — ол тек үгіттеу ғана емес, сонымен қатар, қылмысқа тарту, құқықбұзушылық жасауға итермелеу. Арандатушылар — кез келген әдіспен кәмелетке толмағандарды өздеріне, не белгілі бір нәрсеге тәуелді етуге, оларды «жалған романтикаға» жетелей отырып өмірлерін бос жүріспен, маскүнемдікпен және нашақорлықпен бүлдіруге тырысады.
Құқықтық сауаттылықтың төмендігі немесе тіпті жоқтығы. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық пен қылмыс жасау себептерінің бірі — құқықтық сауатсыздық. Жасөспірімдер кейбір моральдық тыйымдардың заңмен бекітілгенін ешқашан біле бермейді. Көптеген әрекеттер моральдық тұрғыдан қабылданбайды. Ал оның салдары заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Ұрлық, тонау, бұзақылық, рэкеттік әрекет, дене жарақатын келтіретін төбелестер, азаптаулар — мұның барлығы да көбіне өз ісіне жауапкершілікпен қарамайтын және жасағалы тұрған әрекетінің салдары неге әкеп соғатынын түсінбейтін, түсінсе де ойламайтын жасөспірімдердің тірлігі.
Балаларымыз-еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы, біздің ең қымбат адамдарымыз болғандықтан, оларды әр түрлі төтенше жағдайлардан
қорғау әр кімнің міндеті болып табылады.
Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы жұмыстар негізінен мына бағыттарда жүргізіліп келеді:
— Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің денсаулығын сақтау ұлттық саясат деңгейінде жоспарлы түрде жүзеге асыру;
— Ана өмірінің қауіпсіздігін сақтауды, жобасын жоспарлауды, жаңа туған нәрестені бір жастан асқанша ана сүтімен қоректендіру алдын-ала жасалған бағдарламаға сәйкес жүзеге асыру.
Сонымен қатар, тағы бір мәселе- нәрестелердің перинаталды өлімі мен олардың аналарының босануы салдарынан өлімге жиі ұшырау болып отыр. Оның негізгі себебі, ең алдымен әйелдердің денсаулығының нашарлығына , әр түрлі аурулармен жиі ауыратындығына , жұқпалы кеселдерді жиі жұқтырып алатын әлсіздіктеріне байланысты болса, содан кейінгі себебі ауыл жұртының әлеуметтік тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, ішерге тамақ, киерге киім таппай кедейленіп кетуі, көпшілік отбасы мүшелерінің жұмыссыз қалуы, бірсыпыра еркектер, тіпті әйелдердің де ішімдікке салынуы, нашақорлыққа бас ұрулары да басты себеп.Сондай-ақ экологиялық зиянды факторлардың да ана мен бала организміне тигізіп отырған зардабында шек жоқ.
Ана мен бала денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің , денсаулық сақтау органдарының , жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Яғни, ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғауда олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлуіміз керек. Себебі, дүниеге сау ұрпақ алып келу үшін ананың денсаулығы мықты болуы шарт. Ананың бойындағы барлық дерттер тобы ана құрсағындағы нәрестеге берілетіні белгілі. Сондықтан ана өз бойындағы науқас белгілерін сезсе дәрігерге қаралуы қажет.
Бұл ана мен бала өмірі үшін аса қажет жағдай. Бұл ретте мемлекет, үкімет тарапынан жасалып жатқан ізгі істер баршылық. Өйткені ана мен бала- мемлекет пен халықтың баға жетпе байлығы, болашағы. Ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан және жеке құқықтарын қорғай отырып, біз өз болашағымызды, ертеңімізді қорғаймыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика