Жиналыста тәрбиелі, саналы, білімді ұрпақ қалыптастыру жолындағы комиссияның жоспарлы жұмыстары бойынша атқарған жұмыстары талқыланды.
Сонымен бірге, халықаралык эксперт, БҰҰ (ООН) мүшесі Сағадат Сабитова қатысып, бала мен ана қатынасы бойынша баяндамасын жасады.
Одан бөлек, жиында күн тәртібіндегі бірқатар мәселе қаралды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы айтылып,
«Көмек» дағдарыс орталығының атқарған жұмыстары бойынша баяндалды.
Тәуелсіздік туы желбіреген дербес еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеуде, олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, отанын сүю секілді ең асыл қасиеттерді қан мен жанына сіңіруде осы ата-бабамыздың салт-дәстүр негізін ұстансақ өте ұтымды болар еді. Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрді, адамгершілігі бар асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз.
Сондықтан ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің тарихы мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Бала тәрбиесінің алтын бесігі –отбасы. Ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Сондықтан ата -ана өзінің баласын еңбекқор, елінің қамқоршысы азаматы етіп тәрбиелеуге міндетті. Қорыта айтқанда бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет.
Жас ұрпақты мемлекетіміздің тәуелсіздігінберік нығайту үшін бәсекеге қабілетті білімін жұмсап, ата-бабамыз аманаттаған ұлан-ғайыр көздің қарашығындай қорғау жолында қажымас қайраты мен жасымас жігерін жұмсауға үйрету, патриоттық сезім мен адамгершілік сананы қалыптастыру – еліміздегі әрбір отбасы мен жекелеген азаматтардың басты парызы.
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты да елімізде көптеген жоба қабылданып, жұмыстар істеліп жатыр, бірақ бұл бағытта да толымды нәтиже болмай тұр. Дамыған елдерде жас ұрпаққа ғылыми-практикалық тұрғыда тәрбие беру жүйесі жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілген. Бұл жақсы нәтиже беріп, соның негізінде білім сапасы көтеріліп отыр. Мысалы, жапон елінің үздіксіз білім беру жүйесі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын көрсететін негізгі 3 өмірлік ұстанымды насихаттайды және оларды іске асырып келеді. Бұл: ойланып үйрен, өз бетіңмен шешім қабылда, проблемаларды шешудің ең жақсы жолдарын ізде және тап; әдемілікті түсін, өзіңде сұлулық сезімін тәрбиеле, жаның сұлу болсын, мейірімді бол, аяушылық білдіре біл; денің сау, төзімді, күшті бол.
Қазіргі уақытта қоғамда ұлттық рух әлсіреп, ана тіліне деген құрмет төмендеп, перзенттік және азаматтық борыш ұғымдарының мәні құнсызданып, жастар арасында зорлық-зомбылық, суицид және басқа да жағымсыз құбылыстар көбейіп барады. Жастардың бойында рухани-адамгершілік қағидаларының толық сақталмауы, жалпы әдеп негіздерінің жетіспеуі, адал еңбек ету ниеттері мен ерік-жігердің төмендеуі, өмірлік мақсаттарының айқын еместігі, сабырсыздық, әлсіздерге күш көрсету сияқты жағымсыз қасиеттердің кең таралуы қоғамда алаңдатушылық туғызуда. Мұндай жағдайлардың тамыры тереңге тартуы білім беру саласындағы ұрпақ тәрбиесінің дағдарысқа ұшырағанын көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде саналы ұрпақ тәрбиесі – болашағымыз үшін ең асыл мұра, ең қымбат құндылық. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің қуатына тең келетін басқа пәрменді құралды да, рухани күшті де табу өте қиын. Ұрпақ тәрбиесіне жұмсалған күш-жігер, уақыт, еңбек – болашаққа деген ең маңызды инвестиция, ең ұтымды үлес.
Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген ғой. Өйткені бала – біздің болашағымыз. Ол үшін балаларды жаман, жақсы деп бөлмей, бірлесіп, аяғынан нық тұруға көмектесу керек. Нашар бала болмайды. Бау-бақшаны баптап, күтіп суарсаң ғана жемісіне кенелесің. Сол сияқты баланың теріс мінездерін үнемі қадағалап, түзету – қоршаған ортаның, яғни ата-ана мен мектептің міндеті. Өмір шындығына жүгінсек, тәрбие бастауы, оның қайнар көзі, ананың сүтінен нәр алып өскен ортасына тікелей байланысты. «Тәрбие басы – тал бесік», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақтың мағыналы сөздерінде үлкен астар бар сияқты. Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, — сонда ғана оның болашағы биік деген. Алайда, жұмысымызда байқап жүргеніміздей ата-аналарымыздың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі қателіктер де көрініс беруде. Кейбір ата-аналар: «Баламды киіммен, тамақпен қамтамасыз етем, білім, тәрбие беру – мектептің ісі» деп түсінетін ата-аналар да кездеседі. Бала тәрбиесін тек мектепке ғана аударып қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық ұйымдар бірлесе отырып жұмыс жасау, ұстаздар үшін де, ата-аналар үшін де тиімді. Еліміздің егемендігін алып, тәуелсіздік туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде балаларды қоғамның лайықты ізбасары етіп дайындау, тәрбиелеп шығару үшін мектепте оқу, тәрбие жұмыстарын көбейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа баулып отыруымыз қажет. Қазіргі заман талабына сай оқу-тәрбие жұмысының түрлері, өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отыр. Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі.
«Адамзат ұрпағымен мың жасайды», — дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтың мәселе болған.Бүгінде, мектеп оқушыларының түрлі тәртіпсіздікке жол бермеуде, үлкен мен кішінің жарасты сыйластығын қалыптастыруда, ағайын – туыстардың ауызбіршілігін орнықтыруда әкелердің ықпалы ыдырап, үлкендердің тыйым салмауы олардың тәрбиесіне балта шабуда.Өзімнің сараптауым бойынша, бұрындары әкелер ұлдарын қастарына ертіп ел аралайды екен.Онда барған үйлерінің ылғи көрегенді шаңырақ, ақылгөйі бар ақылдарды көрсетеді екен. Мұндағы негізгі мәселе: балаға өзге шаңырықтағы ұлағатты істерді көрсету болған екен. Ал, қазір ше?!Әкелер емес…Шешелер сөйлейтін заман болды. Халқымыздың болашағы – ұрпақ тәрбиесінде екендігін кейбір шешелер біле ме екен?! Тәрбие жетілген сайын, халық соғұрлым бақытты болатындығын адамзат тарихи дәлелдеген. «Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру», — делінген тәлім – тәрбие тұжырымдамасында. Тәрбиенің ең маңызды түрінің бірі – ең алдымен өз халқын, өз Отаннын сүюден басталуы да ерекше. Менің түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Балалар біздің болашағымыз. Ертеңіміз, болашағымыз өсіп келуде. Бізден жаңа қоғам ғана жасалып келе жатқан жоқ, жаңа адамда жасалып келеді. Ұстаз шәкіртін түсіне білу керек.Сену керек. Дос болу керек. Ұстаз болу – қиын, бірақ ардақты іс – шәкірт пен ұстаз арасында достық сезімнің берік болуы қажет. Бала жүрегіне жол таба білмеген мұғалім кейде оны өзіне қарсы қойып алады, бала ерегіскіш келеді.
Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуіне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек. Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің қолында әр кез сол кілт жүру керек. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын мектеп болғандықтан, бұрынғыдан да зор жауапкершілік артуда. Әр шәкірт мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, көпшілікпен біте қайнасқан. Осы тұрғыдан алғанда мектеп – бала мен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жеке адамның дамуына және қалыптасуында әртүрлі факторлардың үйлестіріп, біріктірудің орталығы. Мұнда тәрбие түрлерінің сан алуаны жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде бір ғана отбасының алатын орны ерекше деп қорытынды шығаруға болмайды. Қорыта келіп, өмірін осы қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін дарытқысы келетін адамды нағыз ұстаз деп атауға болады. Олай дейтінім болашаққа ізгілік нұрын себушілер – олар. «Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады». Өнегелі адамды тек өнегелі ұстаз ған тәрбиелей алады. Сонда ғана, жастар болашағының шоқтығы биік болмақ. Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын себуші, жол нұсқаушы ұлағатты ұстаздар. Менің түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді. Мектептің ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының ерекшелігі осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты сынып жетекшісі қамтамасыз етеді. Сынып жетекшілер оқушылардың екінші ата-анасы ретінде бірге жүріп, халықты ғасырлар бойы өз ұрпағын тәрбиелеп келген тәжірибесінен үлгі көрсетуді мақсат-мұраты санайды.
Сондай-ақ. Ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жобалар, әйелдерге арналған жүктілікке дайындық және босанғаннан кейінгі күтім жасау бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу талқыланды.