• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АХУАЛ

Автор:admin

Окт 5, 2022
Spread the love

Қазақстандағы демографиялық ахуал соңғы жылдары республика үшін туудың едәуір томендеуіне, өлімнің көбеюіие (1996 жылдан бастап оның азаю тенденциясы байқалды) және халықтың көші-қондық кетуінің артуына орай қолайсыз ретінде бағаланып отыр.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінін алдын ала деректері бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2000 жылдың 1 қаңтарында 14896,1 мың адамды құрады. Республикада 16426,5 мың адам тұрған 1993 жылдың басымен салыстырғанда, халықтың саны 1530,4 мың адамға немесе 9,3 пайызға кеміді.

1999 жылы туудың XX ғасырдың соңғы онжылдыгындағы ең төменгі коэффициенті байқалды, туу 1000 адамға 14,0-ден келді, бұл республикада туудың ең биік шыңы белгіленген 1987 жылғы деңгейдің 54,5 пайызын құрайтын болды.

1999 жылы халықтың табиғи өсуінің коэффициенті төмендсді және 1000 адамға 4,3 болып ең төменгі шегіне жетті.

1999 жылы, өлімнің азаюына қарамастан, оның деңгейі жоғары күйінде қалды. Өлім коэффициенті 1990 жылғы деңгейден 22,8 пайызға жоғары, 1000 адамға 9,7 болды.

Халық өмірінің орташа үзақтығы қысқарып барады. Оның деңгейі 1998 жылы 64,4 жасты, ал ер адамдарда небары 59 жасты қүрады.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында халықтың табиғи азаюы басталды. Мұндай тенденцияның сақталуы жағдайында таяудағы болашақта ел бойынша тұтас алғанда халықтың құлдырап азаюы күтілуде. Мемлекеттқ демографиялық саясат халықаралық құқықтың жалпыға бірдей қагидаттары мен нормаларына жоне Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Зандарына, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген.

Республикада тұратын қазақтардың саны 1999 жылғы халық, санағының деректері бойынша 7985,0 мың адамды немесе республика халқының жалпы санының 53,4 пайызын құрайды Республикадағы орыстар — 4479,6 мың адам немесе 30,0 пайыз.

Мұның алдындағы (1989 жыл) санақпен салыстырғанда қазақтардың, уйғырлардың, дуңгендердің, өзбектердің саны ості. Немістердің саны күрт, жалпы алғанда 3 есеге азайды. Орыстардың, украйндардың, татарлардың және басқа ұлттардың саны да азайды.

Халықтың этникалық қүрылымындағы өзгерістерге репатриантардың (оралмандардың) қоныс аударуы жоне басқа ұлттардың өздерінің тарихи отанына көшіп кетуі себеп болды.

Тұтас алғанда халық санының төмендеуі табиғи осімнің төмендеуінен және халық көші-конының теріс сальдосынан болып отыр.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика