• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ШЫМКЕНТТІК 10 СПОРТШЫ БАҚ СЫНАЙДЫ

Автор:admin

Июл 26, 2024
Spread the love

Бүгінен бастап Парижде XXXIII жазғы Олимпиада ойындары басталды. Әлемдік додада Шымкенттің намысын 10 спортшы қорғайды. Олар спорттың 8 түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Жекелей 10 м тапанша бағдарламасының жолдама иегері Ирина Юнусметова нысана көздеу бойынша өнер көрсетеді.
Бокс спорт түрі бойынша Махмуд Сабырхан бақ сынаса, Самирхан Абабакиров ел намысын таеквондо спорт түрі бойынша қорғайды.
Ал, семсерлесуден бір емес екі бірдей спортшы жолдама алған. Олар, Эльмир Алимжанов және Ерлік Сертай.
Байдарка және каноэ есуден шымкенттік 3 спортшы бақ сынайды. Байдарка және каноэде есуден ҚР-ның ХДСШ, ҚР-ның Ұлттық құрама командасының мүшелері: Сергей Емельянов, Руфина Искакова және Сергей Токарницкий.
Грек-рим күресінен Әлімхан Сыздықов өнер көрсетуге дайын. Ол аталған спорт түрінен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі.
Ал, Эльжана Таниева-көркем гимнастика бойынша ел намысын қорғайды.
Спортшыларды тек шымкенттіктер ғана емес, бүкіл Қазақстан халқы қолдап, сенім артып отыр. Жарыста сәтті өнер көрсетіп, елге жеңіспен оралуын тілейміз!
Айта кетейік, Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойынға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған. Онда 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасына биыл 25 млрд теңге, ал былтырғы жылы 27 млрд теңге бөлінген. Республика бойынша шекті лимит көлемі 15 миллиардтан аспауы тиіс. Дегенмен қала әкімінің қолдауымен сандар 2 есеге ұлғайған.
Қазақстанда кәсіби спорт мемлекеттік екі қаражат көзінен қаржыландырылады: республикалық бюджеттен ұлттық құрама командаларын ұстауға қаражат ҰОК-қа түседі, кәсіби клубтарды әкімдіктер қаржыландырады.
Жергілікті бюджеттердегі шығыстар ұлттық құрамалардың құртатын қаражатынан едәуір көп, оны ұстауға ҰОК екі жыл ішінде шамамен 20 млрд бөлген. Биыл өңірлердегі спорт шығындары 130 миллиард теңгені құрады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика