• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МАМАНДАР ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУҒА ШАҚЫРАДЫ

Автор:admin

Июл 20, 2024
Spread the love

Шахар мамандары газ қауіпсіздігін сақтауға шақыруда, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған R-FACTOR.KZ.
Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжановтың бастамасымен мәслихат депутаты Бөкейхан Әбішев, Газ техникалык қызметінің мамандары, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, аудандық төтенше жағдайлар және полиция басқармалары, «QazaqGaz Aimaq» АҚ ШӨФ және үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші (ВДГО) мекемелерінің өкілдерімен бірге Шығыс шағын ауданындағы көпқабатты үй тұрғындарына улану жағдайларының алдын алу және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шарт жасау міндеттілігі түсіндірілді.
Қазір қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан түрлі деңгейде улану жағдайлары тіркелуде.
Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта барлық аудан аумағында жалғасады.
— Үй иесі газ тұтыну жүйелерінің, газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті;
— Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар газ тұтыну жүйелеріне, газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тиым салынады;
Сіз пәтеріңіздегі газ құралдарын қауіпсіз пайдалануға және үй ішіндегі газбен жабдықтау жүйелерін жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндеттісіз.
Газды тұрмыста қолданатын халық міндетті:
— Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасауға, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеруге. Түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыруға.
— Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабуға.
— Газ жабдығы жарамсыз болғанда «Горгаз-сервис» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлерін шақыртуға.
— Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтатуға, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашуға, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақыртуға (газдалған үй-жайдан тыс). От жақпауға, темекі тартпауға, электр жарығы мен электр құралдарды қоспауға және қосулы болса, сөндірмеуге, электр қоңырауларды пайдаланбауға.
— Газ құбырлары мен газ жабдықтарын тексеру және жөндеу үшін тәуліктің кез-келген уақытында пәтерге газ шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерін олар қызметтік куәліктерін көрсеткенде кіргізуге.
Халыққа тыйым салынады:
— Үйлерді (пәтерлер, бау-бақшадағы шағын үйді) газдандыруды өз бетінше жүргізуге, газ аспаптарының, баллон мен бекіту арматураларының орнын ауыстыруға, алмастыруға және жөндеуге Кез-келген газ жүйесін құрастыру тек мамандандырылған ұйыммен жүргізілуі тиіс.
— Сәйкесінше ұйымдардың келісімінсіз, газ аспаптары орнатылған орынжайды қайта жоспарлауды жүзеге асыруға.
— Газ аспаптары орнатылған орынжайларды ұйықтау мен демалу үшін қолдануға.
— Газ шығуын анықтау үшін ашық отты пайдалануға (газ шығуды анықтау сабын эмульсиясымен немесе арнайы аспаппен жүргізіледі).
— Түтін мен желдету жүйелерінің құрылысын өзгертуге.
— Екі қабаттан көп қабаттары бар тұрғын ғимараттарының пәтерлерінде баллондарды орналастыруға тыйым салынады.
— Желдету арналарын бітеп тастауға, түтіндіктерді тазалауға арналған «қалталар» мен люктерді бітеп немесе сылап тастауға.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика