• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТ: ТРАНСПЛАНТАЦИЯ ЖАСАЛҒАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ҮЙГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

Автор:admin

Июл 16, 2024
Spread the love

№1 қалалық клиникалық аурухана базасында кезекті 221- ші бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды.
Науқастар ерлі—зайыпты, донор — әйелі, ал күйеуі — рецепиент. Бір жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрған науқас гемодиализ аппаратына тәуелді болған.
Дәрігерлер ағза алмастыру отасы кезінде 1975 жылғы ер азаматқа әйелінің бүйрегін хирургиялық жолмен қондырып берді.
Қазір екі пациенттің де жағдайы жақсы. Бүйрегін алмастырған науқастар үйге шығарылды.
Шымкентте денсаулық саласында 2023 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша 3,5 млрд теңгеге медициналық жабдықтарды сатып алу арқылы, жарақтандыру көрсеткіші 83,7% құрап отыр.
Сондай-ақ, өткен жылы №2, №3 қалалық ауруханасында және Гипербариялық оксигенация орталығы базасында 3 балалар травматологиялық пунктері ашылған. №2 Қалалық аурухана перзентханасын және қалалық перзентхананы 2-ден 3-шы деңгейге, №3 Қалалық аурухана перзентханасын 1-ден 2-деңгейге көтерілген. Босандыру және балалық қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2023 жылы 942 357,9 мың теңгеге 151 бірлік жабдық сатып алынған Оның ішінде инкубаторлар, мониторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған өжж (ивл), жасанды қан айналымы аппараттары, маммографтар бар. 2023 жылғы сәуір айында неврологиялық және басқа да патологиясы бар 3 жасқа дейінгі балаларға арналған №2 оңалту орталығының базасында «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. Бүгінде 300-ден астам баланы оңалту-қалпына келтіру шаралары жүргізілді. Сондай-ақ қаламыздағы 16 медициналық ұйымдардың дәріханасы GPP стандартына сәйкес сертификатталса, Шымкент қаласында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесінің №53, №54, №56, №69, №78 мемлекеттік мекемелерінің медициналық бөлімдеріне қажетті лицензияларға қосымшалар алынды. Қалалық балалар кардиохирургиясын орталығы мен №3 қалалық ауруханада урология бөлімшесі ашылды. Сонымен қатар, қаламызда алғаш рет қалалық онкологиялық орталық базасында сүйек кемігін трасплантациялау отасы «ұлттық ғылыми онокологиялық орталық» мамандарымен бірге жасау жоспарлануда. Бүгінде Шымкент қаласында 3 инсульт орталығы жұмыс жасауда 2024 жылы 4-ші инсульттік орталығын ашу жоспарлануда. Диабеттік табан бөлімшесі мен №2 Қалалық ауруханасында гепатологиялық орталығы 2024 жылы қаңтар айында ашылды деп күтілуде. №1 қалалық аурухана, мен жұқпалы аурулар ауруханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ травматологиялық, нейрохирургиялық, эндокринологиялық бөлімшелерде төсек орнындар санын ұлғайту жоспарланса, жедел жәрдем станциясына 25 дана және 4-ші санатта жедел медициналық көмек көрсететін емханаларға 14 дана автокөлік алу жоспарланса, 2024 жылы стационарлық мекемеде госпиталдық фармация бөлімшелерін ашу көзделіп отыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика