• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ОРЫНДА ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Автор:admin

Июл 2, 2024
Spread the love

Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, тәртіп сақшылары мен аудан әкімдігі қызметкерлері заңсыз қауын-қарбыз сатумен айналысатын кәсіпкерлерге тек белгіленген орында сауда жасау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 1-10 шілде аралығында Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №2817 қаулысымен бекітілген стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бөлу бойынша конкурсқа өтініштер қабылданады.
Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі) 204-бабына сәйкес, белгіленгеннен тыс орындарда сауда жасау – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталап жасалған әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Еске сала кететін, Шымкент қаласы Ш.Рашидов көшесі бойында орналасқан №98, №108, №110, №112 көпқабатты үй тұрғындары сол аумақтағы құрылыс дүкендеріне келетін ауыр жүк көліктерінің дауысы мен жағымсыз иісінен, үздіксіз кептелістерден шаршағандарын айтып, тұрақты шағым білдіріп келген.
Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мамандары, аудандық полиция басқармасы, Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті, Шымкент қаласы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы, Шымкент қаласы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасыны мен аудандық кірістер басқармасының қызметкерлерінен құрылған комиссия мүшелерімен бірлесе зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар барысында Ш.Рашидов көшесі бойындағы құрылыс сататын дүкендердің меншік иелері тарапынан заңсыз құрылыс, жерді өз бетінше иелену, жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбау, қаланың абаттандыру қағидаларын бұзу, белгіленбеген орындарда ретсіз сауда жасау фактілер анықталды.
Нәтижесінде құзырлы мекеме өкілдері тарапынан кәсіпкерлік нысан иелеріне заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505 және 204 баптарына сәйкес барлық ескерту хаттамалары толтырылды.
Алдағы уақытта Ш.Рашидов көшесінің бойындағы ретсіз сауда орындары толығымен жойылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Құрметті қала тұрғындары мен кәсіпкерлері!
Аяқжолдарда және басқа да белгіленбеген орындарда сауда жасауға жол берілмейтіндігін ескертеміз. Заңсыз сауда орын алған жағдайда 102 нөміріне немесе учаскелік инспекторға хабарласуларыңызды сұраймыз! Қаланың қолайлы ету баршамызға ортақ тірлік.
Сонымен қатар, қалада белгіленген орындарда бекітілген эскиз бойынша қарбыз және қауын сатуға болады.
Қатысуға өтінімдер мына мекен жайда қабылданады: Ерімбетов көшесі 304г, «Inves Shymkent” фронт-кеңсесі.
Анықтама үшін: +7 (7252) 39-11-77 және 7481 колл орталық.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика