• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Қазақстандықтардың табиғи өсімі мен жастық және жыныстық ерекшеліктері.

Автор:admin

Окт 4, 2022
Spread the love

Тарихи демография ғылымының негізгі зерттеу нысаңдарының бірі — халықтың құрамы мен өсіп-өркендеуіне, даму үрдістеріне әсер ететін жастық және жыныстық құрылымы мен білім деңгейіндегі өзгерістер болып табылады. Халықтың жасы мен жынысы — оның негізгі сипаттамасы. Оның адамдардың тіршілік әрекетіне, оның өзгерісіне, халық өсіміне, яғни, туу мен өлімнің қарқынына әсері зор. Қазақстан халқының жастық және жыныстық құрамындағы өзгерістердің XX ғасырдың өн бойында болып өткен тарихи процестерге байланысты өзіндік ерекшеліктері болды. Тұрғындардың жыныстық құрамы динамикасына кез жүгіртейік: 1926 жылы Қазақ АКСР-індегі ерлер үлесі 50,9%, әйелдер — 49,1% болса, ауылдарда ерлер — 51,3%, әйелдер — 48,7%, қалаларда ерлер — 49,1%, әйелдер — 50,1% үлеске ие болды. Ал, 1939 жылы Қазақстандағы ерлер үлесі — 52%, әйелдер — 48% болып, ер адамдардыд үлестік басымдылығы сақталынды. Соның ішінде, қала тұратындардың — 51,9%-ы ерлер, 48,1%-ы әйелдер, ауылдағылардың 52%-ы  — ерлер, 48%-ы әйелдер болды. Салыстыру үшін 1939 жылы КСРО бойынша мәліметтерді келтірейік: ерлер – 47,9%, әйелдер 52,1%, қалада, тиісінше, 47,9% және 52,1%, ауылда 48,0%  және 52,0% болып, әйелдердің үлесі басымдылық көрсетті. Сонымен, 1939 жылға дейінгі санақтарда әйелдерге қарағаңда ерлер басым болса, 1939 жылдан бастап әйелдер үлесінің артықтығы байқалды. Бұл кеңес-герман соғысына тікелей қатысты. Себебі, соғыс кезінде республикадан 1,2 миллионнан аса ер адамдар әскер қатарына шақырылып, жанама шығыңды қоспағанда, 601011 адам тікелей шығын болды. Яғни, олардың орны толмай қалды. КСРО-да 1959 жылғы санақта ерлер 45%, әйелдер 55% деп саналды. Әсіресе, 1914-1924 жылдары туылған, белсенді неке жасындағы ерлер үлесі аз болды [55]. Қазақстанда 1959 жылы әйелдер мен ерлер арасалмағында неке жасындағы ерлер жетімсіздігі анық көріңді. Алайда, индустрияның қарқыңды дамуы, тың жерлерді игеру т.б. шаралар арқасында 20-35 жастағы жастардың республикаға ағылуы, көшіп-қонушылардың көпшілігі ерлер болғандықтан бұл зәруліктің орнын толтырғандай болды: 1959 жылы Қазақстанда ерлер 47,5%, әйелдер 52,5%, қалада, тиісінше, 47,3% және 52,7%, ауылда 47,7% және 52,3%-дық арасалмақты көрсетті. Тың игеру кезіңдегі ер адамдардың ауылға көптеп келуінің, соғыстан кейінгі туудағы компенсаторлық кезеңнің нәтижесі мен тың игерушілердің бірінші балалары мен республикадағы еңбек жасыңдағы халықтың ширегіндей болатын тұрғылықты халықтың туу көрсеткіші арқасыңда Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі жыныстық арасалмақ қалаға қарағанда жағымдырақ болды. 1939 жылдағы жастық құрылым өзгерістеріне 1928-1933 жыыдардағы ашаршылық және оның нәтижесі ерекше әсер етті. Жастық құрылымның пирамидасында 5-9 жас аралығындағы түс ерекше ойсырап тұрады, бұл 1930-1934 жылдары туылған (ашаршылықпен тұтас келетін) балалардың көрсеткіші. Ал, 1959 жылдың жас мөлшерін бейнелейтін пирамида негізі 1939 жылмен, тіпті, 1926 жылмен салыстырғанда кеңірек орналасқан. 0-4 жастағылар Қазақстан халқының 15,4%-ын, 5-9 жастағылар 12,4%-ын құрады. Яғни, 0-9 жас аралығындағылар 27,8% болды. Ал, 10-14 жас аралығыңдағылар 8,6% болды. Біртіңцеп үлкен жастағылар үлесі азая түсті.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика