• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Июл 1, 2024
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте базарларды жаңғырту, энергиямен үздіксіз жабдықтау шаралары сондай-ақ бюджет және жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы талқыланды.
Кәсіпкерлік және индустриалды инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Әзімбердиев қала аумағындағы модернизациядан өтетін базарлар бойынша өзекті мәселелерге тоқталды. Қала басшысы құрылыс заттары сатылатын базарларды сыртқа көшіру жұмыстарын күшейтуде де нақты тапсырмалар беріп, түсіндірме жұмыстарын жандандыруды ескертті.
Құрылыс басқармасының басшысы О. Тәжібаев биыл 207,6 мың шаршы метр құрайтын 2670 пәтерлі 66 тұрғын үйді (кредиттік-62, арендалық-4) пайдалануға тапсыру жоспарланғанын жеткізді. Бұл ретте қала әкімі ең бастысы, нысандардың сапасын қадағалап, баспаналардың жайлылығына назар аударуды ескертті.
Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р. Мендіқұлов энергиямен үздіксіз қамтамасыз етуде қабылданып жатқан шараларды баяндады. Басқарма басшысына абонеттерді жарықпен үздіксіз қамтуда тиісті мекемелермен тығыз жұмыс жүргізу тапсырылды.
Ғабит Сыздықбеков аудан, сала басшыларына көпқабатты үйлер ауласында тұрмыстық қалдықтарды жинастыруды жүйелі атқарып, жасыл желектерді суаруды кестеге сай жүргізу, құрылыс мәдениетін сақтауда мердігерлермен жұмыс істеу тапсырылды.
Биыл 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. Меже әзірге 32,4% орындалып отыр. Бұл ретте қала әкімі ауыл шаруашылығы және ветеринария, білім, кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму, құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармаларының басшыларына азаматтарды жұмысқа орналасуына ықпал ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика