• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАП ӨТІЛДІ

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

23 маусым – полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Биыл Қазақстан полициясының 32 жылдығына орай, Шаһарымызда кең көлемде іс-шара аталып өтілді. Мереке қарсаңында, Асар шағын ауданында орналасқан №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясында «Кадет сыныбы» ашылды. Онымен қоса, учаскелік полиция қызметкерлері үшін 54 жаңа қызметтік автокөліктер табысталды. Және де департамент ауласында қызмет бабында қаза болған қызметкерлерге арналған мемориалдық кешен орнатылып, 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі жасалды.
Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. 23 маусым дәл осы үлкен жауапкершілік пен жанкешті еңбекті талап ететін мамандық иелерінің төл мерекесі. Аталмыш күн қарсаңында қалалық полиция департаментінің алаңында Қазақстан полициясы күнін мерекелеуге жүздеген погондылар жиналды.
Іс-шараға мегаполис әкімінің орынбасары Айдын Каримов қатысты. Өздерінің адал қызметімен халықтың құрметіне ие болған ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары да шақырылды. Шара заң бұзушылықтарға қарсы күресте өз өмірін қиған сақшыларға арналған мемориалдық кешеннің ашылуымен басталды. Генералдар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемориалдық тақтаның орнатуына жақын туыстары қатысып, ерекше құрмет көрсеткендері үшін алғысын білдірді.
Департамент бастығы Думан Таев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген полицейлерді марапаттады. 100-ден астам құқық қорғаушыға ҚР Ішкі істер министрі мен Шымкент қаласы полиция департаментінің арнайы марапаттары табысталды. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Сондай-ақ, мереке күні қарсаңында Департамент бастығы полиция генерал-майоры Думан Таевтың қатысуымен Шымкент қаласы Әкімшілік іскерлік орталығы алдында Учаскелік полиция қызметкерлері үшін 54 жаңа қызметтік автокөліктер тапсырылды. Су жаңа көліктер ел тыныштығын күзетіп, темірдей тәртіпті сақтап жүрген полицейлер қызметінің жеделдігін арттырып, облыстағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге септігін тигізбек.
Қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу – мұның бәріне жоғары кәсібилік қана емес, сондай-ақ батылдық, борышқа адалдық, жауапкершілік қажет. Барлық полиция қызметкерлеріне кез келген сәтте көмекке келуге дайын болғаны үшін алғыс айтамыз. Тәртіп сақшыларының жұмыстарының тиімділігі — қазақстандықтардың қауіпсіз өмірінің, ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі.
Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық тілейміз!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика