• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Автор:admin

Июн 26, 2024
Spread the love

Білім басқармасына қарасты №1 Оқушылар сарайы Шымкент қаласы білім басқармасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» тақырыбында семинар өтті.
Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Рустем Танабаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент сотқа дейінгі тергеу басқармасының басшы орынбасары Жандос Бекасанов, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева, басқарма қызметкерлері және білім беру ұйымдарының бірінші басшылары қатысты.
Күн тәртібінде Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №27,44,89,100,129 жалпы орта білім беретін мектептерге қатысты «Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі» ұсынымдар туралы және білім беру ұйымдарымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген іс-шаралар туралы баяндалды.
Нұргүл Ақылбекқызы жемқорлыққа қарсы құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан адам оған жол бермейді. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күресу жеке адамдардың немесе жекелеген топтың ғана емес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы. Осыны шынайы орындау үшін әрбір лауазым иесі өзінің жан-дүниесін ұдайы таза, адал ұстауы тиіс. Сонда ғана олар қарапайым халықтың сенімін ақтап, қоғамның тежеусіз дамуына үлес қосқан болар еді,- деді.
Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершіліктер айтылды және білім беру мекеме басшылары басқарма басшысына сұрақтарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика