• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ (-2-)

Автор:admin

Июн 26, 2024
Spread the love

Азаматтардың мемлекетке деген әлеуметтік сенім деңгейі төмендейді, патриотизм мен толеранттылық пен төзімділік сезімі жойылады, құндылық бағыттары мен этикалық нормалар өзгереді, отбасына іріткі салынады, қоғам жікке бөлінеді. Сондықтан мемлекет пен діндар азаматтардың, діни бірлестіктердің қарым-қатынасы, бірінші кезекте, құқықтық негізде жүзеге асып, реттелуі қажет.
Мемлекеттің дін саласындағы саясатының маңызды бағыттарының бірі – радикалды діни идеологиялардың таралуына жол бермеу және оның алдын алу болып табылыды. Бұл жұмыс еліміздің барлық аймақтарында, әсіресе жастар мен жас жеткіншектер арасында жүйелі жүргізілуі тиіс.
Қазіргі таңда интернет ресурстарды қолданушылардың басым бөлігін жастар құрайды және соңғы уақыттарды деструктивті діни топтар үгіт-насихат жүргізуде ғаламторды кеңінен пайдаланатынын ескеріп, мемлекет деструктивті идеологияның алдын алуда виртуальды кеңістікте де басымдылыққа ие болуы қажет.
Осы тұрғыда Республикалық діни бірлестіктің бірі ҚМДБ-ның ресми интернет сайттарына қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету және жетістіктерін насихаттауға көп көңіл бөлгеніміз дұрыс.
Радикализм (лат. radix – түбір, түп, тамыр) – белгілі бір көзқарасты бұлтартпай ұстану, тек соны жақтау деген мағынаны білдіреді. Радикализм ұстанымы қалыптасқан қоғамдық дәстүр мен үрдістерді, көзқарас пен институтты өз идеологиясына қарай өзгертуге бағытталады. Зерттеушілердің пікірінше, тарихтың ауыспалы кезеңдерінде пайда болатын бұл феномен қоғамның саяси-әлеуметтік саласында жиі көрініс беріп жатады. Радикализм сипаты мен ұстанымына қарай саяси, діни және философиялық деп бөлінеді…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика