Ауданда террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шараларына қатысты Түркістан облысынан ақпараттық-түсіндіру тобы арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинарды ауданы әкімінің орынбасары Ақәділ Сатыбалды ашып, жүргізіп отырды. .
Аталған іс-шарада елімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару, діни экстремизмді шектеу, лаңкестік шабуылдарға тосқауыл қою және радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу жайында бірқатар мәселелер талқыланды.
Радикальды-деструктивті діни топтар аталған кемшіліктерді өз мақсаттарына пайдаланып, жастар арасында мемлекеттің зайырлы сипатын мойындамайтын, барлық мәселелердің шешімін «дұрыс діннен» іздейтін буынды қалыптастыруға барлық мүмкіндіктерін жұмылдыруда.
Осы мақсатта мемлекеттің іргесін шайқалтып, қоғамның берекесін кетіретін әртүрлі діни-саяси идеологиялар арқылы жастарға мақсатты түрде ықпал етіп, әлеуметтік желілер арқылы экстремистік және террористік идеяларды белсенді тартатуда.
Діни экстремизмнің бір көрінісі зайырлы мемлекеттің қағидаттары мен негізін, азаматтық бірегейлікті бұзу әрекеттері қоғамдағы шиеленістің өршуіне, радикалды діни ағым өкілдерінің, оның ішінде халықаралық террористік ұйымдардың қатарына қосылу үшін шет елге заңсыз оқуға деген сылтаумен шығуға тырысатындар бой көрсетуде.
Қазіргі заманғы қауіпті діни идеологиямен күрес мемлекеттің ғана емес, тұтас қоғамның мақсаты болуы тиіс, өйткені радикалды діни идеологияның жаппай деструктивті ақпараттық әсерінен қоғамның жекелеген өкілдерінің сана-сезімі өзгеріске ұшырайды…