Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен қолға алынған жалпы аудандық тазалық шарасы жалғасуда. Аталған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, аудан тұрғындары мен еріктілерқатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты таңғы сағат 08:00-ден бастап тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімдігінің бастамасымен аудандық деңгейде сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Өткізілген сенбілік жұмыстарында республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалау,шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
Жалпы аудандық сенбілік мақсаты — аудан көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Ауданның әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың өңір тазалығына қосқан үлесі. Барлық аудан тұрғындарын тазалыққа шақырамыз!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі