• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (-4-)

Автор:admin

Июн 21, 2024
Spread the love

Кездесу барысында аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі М.Аймаханов — Қазіргі уақытта жастардың көпшілігі бос уақытын әлеуметтік желілерде өткізу әдетке айналған. Діни ағымдар өз жақтастарының қатарын көбейту мақсатында, интернет ресурстарын пайдалана отырып, түрлі діни сайттар мен әлеуметтік желілерде діни группалар мен парақшаларын ашып, жастардың санасын улап, жалған діни ақпаратпен алдауда. Сол теріс діни ақпаратқа алданған жастар, ел аумағында заң жүзінде тыйым салынған экстремистік топтардың қатарына тартылуда. Деструктивті діни ағымдардан келер қауіп қандай, әлеуметтік желідегі жат ағымдардың уағызшыларын қалай ажыратамыз, дәстүрлі дініміздің құндылықтары секілдік өзекті мәселелерін қозғаса, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ұ.Алиакбарұлы қоғамда қалыптасқан дәстүрлі жүйеге дін атын жамылып, қауіп төндіретін, негізсіз терістейтін, жоққа шығаратын, дін атына сай емес мұрат-мақсаттарда іс-әрекеттер жасап, заңсыз немесе заңның тиімді тұстарын әртүрлі қитұрқы әдіс-тәсілдермен өз мүддесіне барынша пайдаланатын топтар туралы айтып өтті.
Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі М.Аймаханов: Діни ағымдардың мақсаты, қоғамда қалыптасқан кез келген жүйені күйретуге бағытталған. Қоғамда азаматтар арасында дәстүрлі діннің діни қағидаларын қолдану арқылы, жалған діни ағымдардың идеологиясын тарату болып табылады. Деструктивті діни ағымдар мен экстремистік топтардың қатарына қосылу, мүшелік ету ҚР Қылмыстық кодексінің 174-256 баптары бойынша, түрлі мерзімге қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал ресми діни ақпаратты, арнайы ҚМДБ-ның ресми сайттарымен парақшаларынан үйреніп, тек жергілікті мешіт имамдарымен теолог-дінтанушы мамандардан ақпарат алу керек» деп өз сөзін түйіндеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика