• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ (-1-)

Автор:admin

Июн 21, 2024
Spread the love

Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ақбұлақ ауылдық округінің тұрғындарына «Деструктивті бағыт — дін емес» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Алдын алу бойынша түсіндірме шарасына Сайрам аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі М.Аймаханов, Түркістан облысы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Ұ.Алиакбарұлы, ҰҚК Сайрам аудандық бөлімінің жедел уәкілі Ж.Сүйімжанұлы және аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Ө.Қарабаев қатысты.
Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары қоғам өмірінде діннің рөлі ерекше мәнге ие болды. Діннің мәртебесі мен беделі көтеріліп, дінге сенушілердің саны арта бастады. Сонымен бірге терроризм мен экстремизмге үгіттейтін күштер мен көптеген жат ағымдардың да тарап кеткені белгілі. Жетпіс жыл атейстік қоғамда өмір сүріп, енді ғана бойын тіктеген қазақ жеріне деструктивті діни ағымдардың қаптап кетуінің бірнеше факторлары бар.
Қазіргі уақытта әлемнің барлық мемлекеттерінде діни экстримизм мен терроризмге қарсы күрес белсенді түрде жүріп жатыр. Қазақ жерінде дін атын жамылған соның ішінде ислам дінін бүркеленген деструктивті ағымдардың алдын алу кезек күттірмеитін мәселеге айналып отыр.
Ал қазіргі ислам атын жамылып келіп жатқан діни ағымдардың негізгі көздеген мақсаты еліміздің тыныштығын бұзу, тұрақтылығымызға ірткі салу мұндай ағымдардың жетегінде жүрген, және кіріп кетіп жатқандары да қаншама.
Жастардың деструктивті діни ағымдардың шырмауына түсуінің негізгі үш себебін атап көрсетуге болады.
Біріншіден, жалпы қоғамда діни сауаттылықтың әлсіз болуы…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика