«10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің шақыруымен Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады.
10 ақпанда Мәскеуде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты стратегиялық серіктестіктің даму перспективаларын қарастырады.
11 ақпан күні Мемлекет басшысы Қазан қаласында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі және республикадағы бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралап көреді», делінген жазбада.
R-fact ақпарат