• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ТУРАЛЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖАНДАНДЫРУ ҚАЖЕТТІГІ ҚАРАЛДЫ (-2-)

Автор:admin

Июн 27, 2024
Spread the love

Негізінен бүгінде елімізде жаңа технологиялардың қарқынды даму кезеңі белең алды. Бұл бірінші кезекте заманауи, халықтың сұранысына бағытталған полиция қызметін қалыптастыруды көздейді.
Айта кететін, көші-қон саласы мен қылмыстық-атқару жүйесін біраз өзгеріс күтіп тұр. Экстремистік немесе террористік ұйымға қатысы бар азаматтарға елге кіруге тыйым салынады. Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу құқығын беретін инвесторларға арналған көпреттік виза қарастырылған. Қазақстан азаматтығын беруден және қалпына келтіруден бас тарту үшін қарапайым деңгейде мемлекеттік тілді, Қазақстан Конституциясының негіздерін, төл тарихымыздан хабардар болу шарттары да айқындалған.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Заңда мына мәселелер қарастырылған:
— қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелерін бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген;
— Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын адамдар үшін шаруа немесе фермер қожалығына жер учаскелерін беру көзделген;
— қоныс аударушыларға және олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қолдау ретінде көшуге субсидия, тұрғын үй жалдау, коммуналдық қызмет төлемдерінің шығындарына өтемақы, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары секілді материалдық көмек көрсету көзделген;…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика