Аудан әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен Сайрам ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық полиция басқармасының бірінші орынбасары Руслан Ендібаев баяндама жасады.
Кездесу барысында қоғамдық орындар мен көшелерде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы көрсеткіштерге толығырақ тоқталды.
Жалпы, ел Президенті Мәжілісте заң үстемдігін жоққа шығаруға жол берілмейтінін, заңға деген құрмет әрбір азаматқа ортақ міндет ретінде дәріптелуі қажет екенін шегелеп тапсырды. Соған орай бұл – мемлекеттік органдарға ғана емес, барша халыққа ортақ міндет деп санайтынын жеткізді. Сондай-ақ қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтауда заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты екенін айтып, құқық қорғау органдарына құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән беруді міндеттеді. Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша назар аударып, полицияға білім беру басшылығымен бірлесе жұмыс атқаруды міндеттеді. Сонымен қатар Президент есірткінің таралуына батыл түрде тосқауыл қоюды, киберқылмыспен және интернет-алаяқтықпен күрес шараларын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Осы ретте, біз Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы орындауда, елімізде заң үстемділігі мен әділдікті сақтауда нақты нәтижелерге қол жеткізуге барлық шара қабылдауымыз қажет…