Бүгін аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев ауданды көгалдандыру бойынша өңірлік жоспардың орындалу барысын қарап, шілде айындағы егілген ағаштардың жай-күйін көріп шықты. Біздің өңірде жаз мезгілінде күннің ыстық болуына байланысты егілген ағаштардың қурап қалу қаупі бар екенін ескеріп, аудан басшысы жауапты мамандарға жұмысына жауапкершілікпен қарауды, егілген ағаш көшеттерін күтіп ұстауды тапсырды.
— Мемлекет басшысының тапсырмасы міндетті түрде орындалуы керек. Оның елді мекендер айналасын көгалдандырудағы маңыздылығын айтпасақ та түсінікті. Егілген ағаш көшеттері қурап қалмас үшін көшеттер суару жүйесімен қамтылып, қоршау орнатылуы маңызды,- деді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев.
Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.
(с) Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі