23 маусым – мемлекеттік қызметшілерден бөлек, полиция қызметкерлерінің де кәсіби мерекесі.
Мерекеге байланысты аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтіп, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бейсенбай Төребеков барша тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
«Ауданымыздағы полиция қызметкерлері тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп келеді. Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында да қырағылық танытып, нәтижелі қызмет атқаруда. Сондықтан, ауданның тәртіп сақшыларына зор алғысымды білдіремін. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге толайым табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!» — деді, Бейсенбай Тасболатұлы.
Жиын барысында аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сарсекбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Қасымхан Сатыбалдиев және кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері полиция қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттарымен марапаттады.
Айта кетейік, Қазақстан полициясы еліміздің қоғамдық қауіпсіздігінің, тәртіпті қамтамасыз ету мен сақтаудың, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғаудың, қылмысқа қатаң талап қоюмен қатар қабілеттілігі мықты мемлекеттік жүйе болып табылады.