Бүгін ауданда террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шаралары бойынша мәжіліс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Ашим Елеусизовтің төрағалығымен өткен жиынға Түркістан облысы білім басқармасының бас маманы Дария Нұрышова, Түркістан облысы Мәдениет және туризм басқармасының бас маманы Ербол Назаров, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Ерік Сейсенов және тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Кездесуде күн тәртібіндегі мәселе бойынша Отырар ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Дулат Сарыбасов баяндама жасап, террористік тұрғыдан осал объектілерді тексеру нәтижелерін атап өтті. Мұнан соң аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Мейрамхан Кемелханов террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шаралары туралы хабарлама жасады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілері мен білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бойынша түсіндірме:
Терроризмге қарсы қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақтар тақырыптарының нұсқалары:
1. Террористік сипаттағы қатер төнген кезде алғашқы ден қою шаралары.
2. Жарылғыш құрылғыға ұқсас күдікті затты анықтаудағы әрекеттер.
3. Қауіп жазбаша нысанда түскен кездегі іс-қимыл.
4. Кепілге алу кезіндегі іс-қимыл. Басып алу объектісіне айналған адамдардың (кепілге алынған адамдардың) іс-қимылы.
5. Террористік актілерге жол бермеу мақсатында объект персоналының қырағылығын күшейту жөніндегі шаралар…