Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Тұран-2 шағын ауданында жаңа стадионның құрылыс алаңына капсула салу рәсіміне қатысты. Тарихи оқиғаға футбол ардагерлері мен қоғам белсенділері, «Ордабасы» клубының қызметкерлері, бапкерлері мен ойыншылары, БАҚ өкілдері мен жергілікті футбол жанкүйерлері де куә болды.
Айта кетейік, 35 мың орындық аренаның сыйымдылығы 21 гектарды алып жатыр. Стадион құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда. Жаңа спорт нысаны халықаралық матчтарды өткізуге арналған УЕФА талаптарына сәйкес бой көтереді. Архитектуралық дизайнмен салынатын сәулетті стадион мегаполистің көркін арттырады.
Шымкентте 1969 жылы салынған бір ғана стадион 18 мың адамға лайықталған. Заманауи арена халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге, қаланың спорттық имиджін жақсартуға, жергілкті халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар туризмді дамытуға да ерекше серпін береді.
Сонымен қатар, Қазақстанның дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі – бұқаралық спортты дамыту. Халық арасында бұқаралық спортты насихаттау салауатты ұлтты қалыптастырудың кілті болып табылады. Спорт жастардың спорттық іс-әрекеттерінің жалпы жүйесінде маңызды рөл атқарады және бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын енгізудің пайдалы және көрнекі жарнамасы бола отырып, күшті үгіт-насихат қызметін атқарады.
«Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі де өте өзекті. Барлық жас санаттары арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Бұқаралық спортты дамыту – пирамидаға айналуы тиіс. Оның басына чемпиондар шықса, оның негізінде біз сау әрі саналы ұрпақты, мықты ұлтты қалыптастырамыз. Бұл бағыты заңнамалық тұрғыда жалғастырып, бұқаралық спортты дамытуда кешенді бағдарлама қабылдау керек», — деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Жалпы алғанда, бұқаралық спорттың әлі тиісті деңгейде дамымауының негізгі себебі спорттық инфрақұрылымның жетіспеушілігі немесе тозуы, жоғары урбандалу деңгейі болып табылады, оның салдарынан ауылдағы жас тұрғындар саны азаяды, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі туындайды, бұл, өз кезегінде, халыққа көрсетілетін спорттық қызметтердің саны мен сапасына теріс әсер етеді. Бұқаралық спортты халық арасында танымал ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, халықтың көп бөлігі әртүрлі факторларға байланысты дене шынықтырумен және спортпен қамтылмаған күйінде қалып отыр.
Осы мәселеге орай бүгінде Шымкент қаласында №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылысына бюджеттен 1,8 млрд теңге қаралған.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешенінің (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілуі жоспарлануда. Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Ал келесі спорт түрлеріне деген қажеттілік шаһарымызда өзекті болып отыр. Мәселен, қаламызда бірқатар спорт ғимараттарының қажеттілігі туындауда. Атап айтар болсақ:
— Жаңа футбол стадионының құрылысы; (Қазіргі уақытта жер телімдерді мемлекеттік мұқтаждыққа алу жұмыстары жүргізілуде)
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға Паралимпидалық, сурдлимпиадалық спорт кешенінің құрылысы; (Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданында 5 гектар жер теліміне құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде)
— Шымкент сити шағын ауданында көпфункционалды «Шымкент арена» спорт кешенінің құрылысы; (Шымкент сити шағын ауданында 5 гектар жер телімі қарастырылып, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді қажет етуде)
— 5 ауданда дене шынықтыру сауықтыру кешендерінің құрылысы; (қазіргі уақытта, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданы, Абай ауданы, Еңбекші ауданында, Әл-Фараби ауданында жер телімі қарастырылған. Жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуді қажет етуде.)
Жалпы бүгінгі таңда, Шымкент қаласында жалпы 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. (оның ішінде: 16 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 3 Жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 Олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік диспансер, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 Мемлекеттік жеке әріптестік аясындағы спорт нысандары).
Аталған мекемелерде спорттың 74 түрі дамытылады (37 олимпиадалық, 28 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері).
Сондай-ақ, 18 490 спортшымен (олимпиадылық спорт түрімен – 12481, қысқы спорт-338, олимпиадалық емес – 4008, ұлттық спорт түрі – 1322, мүгедектігі бар спортышалар – 341 (пара-72, сурдо-153) штаттағы 912 жаттықтырушы (олимпиадалық спорт – 638, ұлттық – 69, олимпиадалық емес-182, мүгедектігі бар- 23) оқу-жаттығу сабақтарын жүргізуде.