• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Демография:  Урбанизацияны басқару және бірыңғай тұрғын үй саясаты

Автор:admin

Окт 4, 2022
Spread the love

Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында «орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту» қажеттігін анықтады. Бұл бағытта «Астана мәртебесі туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңдар қабылданды. Олардың мәртебесін бекіту тікелей шоғырланған халық санының өсімі мен урбанизация процесі қарқынына сәйкестелді.

Қазақстандағы жалпы өсімнің артуы қала халқы есебінен еселеніп отыр. Бұл ретте 2020 жылғы 1 қаңтарына сәйкес жалпы өсім қарқыны Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына тиесілі. Нұр-Сұлтан қаласында табиғи өсім 2 059 адамды құраса, көші-қон айырымынан 2 550 адам қосылып, барлығы 4 609-ға жетті. Алматы қаласында көші-қон айырымы 3 750, табиғи өсім 1 889 адамды құрады. Жалпы есепте 5 575 адаммен халықтың жалпы өсімі Алматы қаласы үлесінде орналасып отыр. Ауыл халқы бойынша Алматы, Түркістан, Маңғыстау өңірі көш бастайды. Дегенмен ауыл халқы бөлінісінде Түркістанда көші-қон айырымы -2 072, Алматы — 1 011 адамды құрады. Мұндай көрсеткіштердің тұрақты балансының сақталмауы адами ресурстар әлеуетінің азаюы мен ауыл мәдениетінің құлдырауына жол ашады. Сондықтан да ауыл халқының ортақ мүмкіндігін өскен ортасына пайдалануда Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде «Туған жер» жобасы қарастырылған.

Статистика комитетінің дерегіне сәйкес Қазақстан Республикасының халық санағы 2000 жылы 14 901 641-ден 2019 жыл бойынша 18 395 567-ге өсті. Осы ретте Республиканың солтүстік аймағындағы Павлодар қаласының саны 2000 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 40 000 адамға азайса, едәуір кему Солтүстік Қазақстанда тіркелді (2000 жылы 713 628, 2019 жылы 563 300 адам). Қостанай облысында 2000 жылы 988 787-ден 2019 жылы 879 134 адамға кеміді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда да 2000 жылы 1 516 785-тен 2019 жылы 1389 568 адамды құрады.

2000 және 2019 жыл статистикасын салыстырғанда Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан (Шымкент республикалық маңызы бар қала статусына дейін) облыстарында ерекше халық санының өсуі бар. Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру өңірдің агломерациясын аумақтық дамытуды өзектендірді. Урбанизация процесінің жоғары қарқынмен кеңеюі республикадағы қалалар халқының табиғи азаюын төмендетіп отыр. Challenges Summit-2018 фо­румында қазақстандық қалалардың дамуы туралы сөз қозғап, инвестиция үшін күре­сетін ең жақсы ақыл-ойлар, тех­но­логиялар және оған барлық қа­жет­ті жағдайларды жасайтын м­егаполистер дәуірі туаты­нын атап айтты. Осы бағытта аймақта қалыптасқан қазіргі «Тұрғын үй саясаты/экономикасы» тұрғындар мен қонақтарды қызықтыратын ресурсқа айналып отыр.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика