Халық асыға күткен жаңа стадионның құрылысы ертең басталады. Іргетасына алғашқы тас қалау рәсімі 28 маусым күні, сағат 11:00-де Тұран – 2 шағынауданында өтеді.
Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, футбол жұлдыздары мен танымал блогерлер және спорт жанкүйерлері қатысады.
35 мың адамға лайықталған жаңа аренаның аумағы – 21 гектар. Заманауи стадион қала тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттыра отырып, футболшылар мен жанкүйерлерге шабыт берері сөзсіз. Сондай-ақ, әлемдік додалар өткізуге мүмкіндік береді және туризмнің дамуына ықпал етеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкентте тек Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы «Орталық» стадион бар. Стадион 1969 жылы пайдалануға берілген Сыйымдылығы – 18 000 орын. 2003 жылдан бері «Ордабасы» клубының негізгі аренасы болып келеді.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі