• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ЕЛІМІЗДІҢ 17 ӨҢІРІНДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Автор:admin

Июн 27, 2024
Spread the love
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің әр өңірінде психологиялық қолдау орталығын ашу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мұндай орталықтар 17 өңірде ашылды. Оқу-ағарту министрлігі психологиялық қолдау орталықтарын дамыту арқылы педагог-психологтардың әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Аталған орталықтардың басты мақсаты — жергілікті жерлерде балалардың, ата-аналар мен педагогтардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға және сақтауға бағытталған бірыңғай психологиялық қызмет жүйесін құру.
«Орталықтардың қызметін біріздендіру үшін Министрлік әдістемелік ұсынымдар әзірледі. Бұл ұсынымдар өңірлерде орталықтарды балалар үшін жайлы жағдай жасалған бірыңғай үлгіде ашуға септігін тигізеді. Онда орталықтың міндеттері, негізгі қызмет бағыттары, ұсынылатын штат кестесі, әр маманның лауазымдық нұсқаулықтары туралы ақпарат қамтылған. Жеке тарау материалдық-техникалық жабдықтауға арналған», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Орталықтар облыстың педагог-психологтары үшін бір-бірімен тәжірибе алмасатын, әдістемелік кеңес алатын тірекке, сондай-ақ оқушылар мен олардың ата-аналары көмек алу үшін жүгінетін орынға айналады. Жыл соңына дейін қалған облыстарда да орталықтар толықтай ашылады деп жоспарланып отыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика