Аудандағы кәсіпкерлер мен шаруалардың қатысуымен аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның бірлескен еркін форматтағы мәжілісі өтті.
Жиынға Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков, «Түркістан» индустриялды аймақтардың басқарушы компаниясының бас директоры Бекжан Нұрманов және аудандағы құзырлы мекемелер мен жауапты бөлім басшылары, барлық ауылдық округтердің әкімдері, шағын және орта бизнес субъектілерінің өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Жиында аумақтағы бизнес ахуалды жақсарту және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары мен осы бағыттағы әкімшілік кедергілерді болдырмау жөніндегі мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Бәйдібек ауданының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Мади Байтелиев, Түркістан облыстық кәсіпкерлік палатасының Бәйдібек аудандық филиалының директоры Сылқынбек Спабеков, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Тұрар Үркімбаев хабарлама жасады.
Жиында кәсіпкерлер мен шаруалар тарапынан қойылған сұрақтармен айтылған ұсыныстарға мамандар тарапынан жауаптар берілді.
Сонымен қатар, жиында аудандағы мал мен егін шаруашылығынан басқа тың идеяларды ауданда жүзеге асырып жүрген кәсіпкерлер өз тәжірибесімен бөлісті.
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі