Бүгінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қазығұртта жүйелі түрде тазалық шаралар атқарылуда. Осы ретте, кезекті сенбілік жұмыстары «Көктен ата» кесенесінде өтті. Атқарылған жұмыстарға ауданның белсенді жастары мен еріктілері қатысты. Сенбілікте кесененің айналасы қоқыстардан тазартылып, ағаштарын бұтау, әктеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы ауданда көгалдандыру, абаттандыру мен тазалық шаралары күнделікті жүргізілуде.
Айта кетсек, Көктен ата — ойшыл ақын Қожа Ахмет Ясауидің талантты шәкірттерінің бірі болған. Ол ислам дінін насихаттап әрі емшілікпен айналысқан. Көктен ата үнемі үстіне көк тон киіп жүруіне байланысты ел ішінде «Көк тонды ата» атанған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі