Қазақстан полициясы күні — осынау жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болған ардагерлерге және қазіргі кезде полиция сапында еңбек етіп жүрген жандарға ризашылық пен алғыс сезімін білдіру, сондай-ақ халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында құрбан болғандарға құрмет көрсету күні.
Қазақстан полициясы — бейбіт күніміз бен ашық аспанымыздың тыныштығын қадағалап, қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі.
Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен Отан алдындағы сертке адалдықтарыңыздың арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына деген сенімі арта береді.
Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, еліміз үшін атқарып жатқан абыройлы міндеттеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Қазақстанның Полициясы күні құтты болсын!
Жәнібек Ағыбаев,
Келес ауданының әкімі