• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

КЕЛЕС: ТЕРРОРИЗМНЕН САҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ТҮСІНДІРІЛДІ (-1-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Бүгін ауданда террористік тұрғыдан осал обьектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру шараларына қатысты Түркістан облысынан ақпараттық-түсіндіру тобы арнайы келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар мәжіліс Келес ауданы әкімінің орынбасары Сулеймен Джилкибаевтың төрағалығымен өтті.
Аталған іс-шарада елімізде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылға ерекше назар аудару, діни экстремизмді шектеу, лаңкестік шабуылдарға тосқауыл қою және радикалды діни идеологияның таралуына жол бермеу жайында бірқатар мәселелер талқыланды.
Экстремизм сөзі латынның «extremus» деген сөзінен келіп шығады. Мағынасы саяси, экономикалық, идеологиялық, әлеуметтік, діни т.б. мақсаттарға тыйым салынған жолдар арқылы қол жеткізу дегенге саяды. Экстремизмнің түрі, бағыты сан түрлі. Олардың негізгілері ретінде ұлттық, саяси және діни мақсатты көздейтін жымысқы іс-әрекеттерді атауға болады. Ұлттық экстремизм деп өз ұлтын «сақтау», оның мәдени, экономикалық құндылықтарын «қорғау» сылтауымен өзгелердің құндылықтарына зиян тигізу, қауіп төндіру әрекеттері болып танылады. Ал саяси экстремизм ретінде қоғамдық заңдылықтар негізінде қалыптасқан жүйені күшпен алмастыруды көздейтін әрекеттер болып саналады.
Терроризмнің де бірнеше түрі бар. Оның ішінде этникалық терроризм адамның ұлтына, этникалық түріне қарсы жасалған қылмыс түрі. Мұны кейде нәсілшілдік пиғылының нәтижесі деп те атап жатады. Этникалық терриризмге күрдтердің Түркиядағы, шешен содырларының Ресей аймағындағы бірнеше террорлық актілері т.б. мысал бола алады…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика