Отырар ауданында қос бірдей мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын. Аудандағы Отырар ауылдық округіне қарасты М.Шойманов ауылында 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Нысанның іргетасы 2023 жылы қаланып, биылғы жылдың тамыз айында пайдалануға берілмек.
Бұдан бөлек, Ақтөбе ауылдық округінде де 150 орындық мәдениет үйінің құрылысы 80 пайызға аяқталған. Қазір құрылысшылар ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстарына кіріскен. Мәдениет үйінде 150 адамға арналған көрермен залы мен 50 орындық кітапхана болады.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жансұлтан Сейтжанов ауданда салынып жатқан қос құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Іссапар барысында нысандардың мерзімінен кешікпей, сапалы жүргізуді жауапты мекеме басшыларына жүктеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі