Ішкі істер органдары – мемлекеттік биліктің қоғамда құқық тәртібін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды құрылымдарының бірі. Сақшылардың кәсіби қызметі зор жауапкершілігімен, тәуекелге бел бууымен ерекше құнды. Қазақстан дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап оның тыныштығын қорғауға берік ден қойылып келеді. Осынау қырағы мамандықты таңдаған жастар да елінің алдындағы борышын сезінетіні сөзсіз.
Заң бекітілген күн, яғни, 23-маусым жылда «Қазақстан полициясы күні» ретінде аталып өтіледі. Ризашылық пен құрметтің нышаны ретінде ҚР Ішкі Істер органдары қызметкерлері мен сала ардагерлерін Қазақстан Полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өз қызметтік міндетін атқаруға адалдық танытып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін, халық арасында сақтық жұмысын жүргізетін, азаматтардың тыныштығын, заңдылық пен құқық тәртібін қорғайтын білікті мамандарыңыздың қатары көбейе берсін.
Еліміздің қорғандары – полиция қызметкерлерінің еңбектеріне табыс, қызметтеріне сәттілік пен абырой тілеймін! Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында табысты қызмет ете берулеріңізге тілектеспін!
Құрметпен,
Серік Үсенұлы МАМЫТОВ
Жетісай ауданының әкімі