• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» акциясы басталды (-1-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ағымдағы жылдың 24-26 маусым аралығында Шардара ауданы аумағында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» акциясы басталды.
Акцияны өткізудің негізгі мақсаты – отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды жұртшылыққа кеңінен таныстыру.
Еске сала кететін, 16 маусымнан бастап «Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заң күшіне енді. Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға 15 сәуірде қол қойды.
Заң бойынша зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі: денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни 738 400 теңге көлемінде айыппұл, я болмаса, 200 сағатқа қоғамдық жұмыстар немесе 50 тәулікке дейін қамау; адамды ұрғаны үшін 80 АЕК (295 360 теңге) көлемінде айыппұл, 80 сағатты қоғамдық жұмыстар немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу. Сонымен қатар 15 маусымнан бастап зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы құрылым өз жұмысын бастайды. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.
Бұдан бөлек, 16 жасқа толмағандарға жыныстық тұрғыдан тиісіп, сөзбен қысым көрсетіп қорлағандар да заң алдында жауап береді. Естеріңізде болса, екі жыл бұрын балалар құқықтары туралы заңға тұңғыш рет «буллинг» ұғымы енгізілген еді. Енді, бұл жәй термин емес, оған да жауапкершілік көзделген…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика