• Ср. Ноя 27th, 2024
Популярные метки

Түркістан облысында консультативті кеңесші органның отырысы өтті (-3-)

Автор:admin

Июн 24, 2024
Spread the love

Бүгінде аса назар аударатын фактордың бірі – киберқылмыстар. Қазір заманауи киберқылмыстың алдын алу, онымен күресті одан әрі күшейту мақсатында «Киберпол» арнайы тобы жұмыс атқаруда.
Интернеттің мүмкіндігін қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін оңтайлы пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп отырады. Соның ішінде қылмыскерлердің әлеу­меттік желілерге жалған хабарландырулар орналастыру, интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, инвестицияға пайда көру мақсатында ақша салу әрекеттері жиі қолданылады. Сондай-ақ мессенджерлерге күмәнді сілтемелер жолдау арқылы банк немесе құқық қорғау органдарының қыз­меткері ретінде азаматтарға қоңырау шалып, жеке деректерді иемденіп, бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу және алаяқтықтың жаңа түрлері туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халыққа хабардар етілгенімен, тұрғындардың алаяқтардың құрығына түсіп жатқан жағдайлары жиі кездеседі.
Айта кетсек, жыл басынан бері полицейлермен атқарылған жұмыс нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 12,5% төмендеген. «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім және жауапкершілік», «Абайлаңыз балалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары мен түнгі рейдтер жалғасуда.
Жиын соңында консультативті-кеңесші органның мүшелері көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, жұмысты жандандыруды тапсырды.
Қай кезде де қоғам қауіпсіздігін сақтау назардан тыс қалған емес. Бұл жайында Мемлекет басшысы қаңтар айында өткен алқа мәжілісінде «Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керектігін және заң бұзған кез келген адам жазасын алуға тиіс екенін атап өткен болатын…

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика